Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
ЖИ жасаған иллюстрация
Кеше концерт болады деп жиналған көрермендерді стадионнан шығару кезінде қауіпсіздік туралы ескерту ағылшын, түрік және орыс тілдерінде көрсетіліп, қазақ тіліндегі нұсқаның болмағаны әлеуметтік желіде резонанс тудырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматыда америкалық рэпер Канье Уэсттің концертіне байланысты ұйымдастыру мәселесінен бөлек, тілге қатысты дау туындады. 14 тамызда өтуі тиіс концерт ауа райы мен қауіпсіздік жағдайына байланысты 15 тамызға ауыстырылды.
Канье Уэсттің Алматыдағы концерті бастапқыда 14 тамызға жоспарланған болатын. Алайда сол күні қалада ауа райы күрт бұзылып, нөсер жаңбыр мен қатты жел соқты. Бұған дейін концерттің кейінге шегерілгені туралы ақпарат тарады, ал концер өтетін күн ретінде 15 тамыз белгіленді. Концерттің кейінге қалдырылғаны туралы ақпаратты халықаралық жанкүйерлер қауымдастықтары да талқылады.
Оқиға барысында көрермендерден Орталық стадион аумағын босату сұралды. Осы сәтте стадиондағы үлкен экраннан қауіпсіздік туралы ескерту көрсетілді. Алайда желі қолданушыларының назарын хабарламаның ағылшын, түрік және орыс тілдерінде берілуі аударды. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тіліндегі нұсқа болмаған.
Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, ұйымдастырушыларға сұрақ қойылды. Көпшілікті әсіресе «Қазақстанда өтетін іс-шарада түрік тілі бар да, мемлекеттік тіл – қазақ тілі неге жоқ?» деген мәселе алаңдатты.
Сынның бір бөлігі концертті ұйымдастырушы First Media Group компаниясына бағытталды. Компания бұған дейін Алматыда халықаралық деңгейдегі бірқатар ірі концерт ұйымдастырған. Олардың қатарында Дженнифер Лопес, Backstreet Boys және басқа да әлемдік орындаушылардың шоулары бар.
Даудан кейін концерт ұйымдастырушысы Дана Қарағұсова жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, сол сәтте басты міндет – адамдарды стадионнан мүмкіндігінше тез әрі қауіпсіз шығару болған. Сондықтан қауіпсіздік мәселесі бірінші орынға қойылғанын айтқан.
Алайда оның «қазақ тілін ойлайтын уақыт болған жоқ» деген мазмұндағы түсініктемесі желі қолданушыларының наразылығын баса алмады.
Керісінше, көпшілік бұл уәждің қисындылығына күмән келтірді. Өйткені төтенше жағдайда халыққа жедел ақпарат жеткізу қажет болса, хабарламаны бірнеше тілде дайындауға уақыт табылған. Осыған байланысты желіде:
«Асығыс түрде халықты шығару қажет болса, ағылшын, түрік және орыс тілдеріндегі мәтінді көрсетуге уақыт қалай табылды?» деген сауалдар қойылды.
Кейбір қолданушылар концерттің кейінге шегерілуіне байланысты ұйымдастырушылардан келесі күні өтетін шарада қазақ тілінің міндетті түрде ескерілуін талап етті. «Бүгін концертте қазақ тілін күтеміз» деген пікірлер де жазылды.
Бұл оқиға Қазақстандағы ірі халықаралық мәдени шараларда мемлекеттік тілдің қолданылуы туралы мәселені тағы көтерді. Сондықтан әлеуметтік желідегі талқылау тек бір экрандағы хабарламаға қатысты емес. Көрермендердің пікірінше, Қазақстанда өтетін халықаралық шараларда мемлекеттік тіл қауіпсіздік ескертулерінен бастап, ақпараттық материалдарға дейін толыққанды қолданылуы керек.
Әсіресе қауіпсіздікке қатысты хабарламалар көпшілікке түсінікті әрі қолжетімді болуы маңызды. Мұндай жағдайда қазақ тілінің болмауына қоғам мен халық орынды сұрақ қоятыны анық.
Ал Канье Уэсттің Алматыдағы концертіне келсек, алғашқы күндегі келеңсіздіктерден кейін көрермендер 15 тамыздағы шараның қалай өтетінін күтіп отыр. Концерттің кейінге шегерілуі билет алғандар арасында да талқылануда.
Көпшілік үшін ендігі сұрақ әлемдік жұлдыздың концерті қалай өтетіні ғана емес, Қазақстанда өтетін осындай ауқымды халықаралық шараларда қазақ тіліне қандай орын берілетіні болып тұр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық