Қайын жұртын қырып салған күйеу балаға жаңадан айыптар қосылды
Индонезияда қолға түскен ерлі-зайыпты түсірілген видеодан кадр
Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісі бойынша айыптар толықтырылды. Тергеу оған адам өлтіруден бөлек, әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу және мал ұрлығы бойынша да жаңа баптар енгізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Атырау облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында төрт адамның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Іс бойынша басты айыпталушы қаза болған отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев. Оған қайын атасы Мақсот Қарабалинді, қайын енесі Нәсіп Өтешқалиеваны және олардың балалары Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевті өлтірді деген айып тағылған.
30 маусымда мемлекеттік айыптаушылар Сәрсемәлиевке тағылған айыптар толықтырылғанын мәлімдеді. Судья Зарема Хамидуллина айыптау актісінің жаңа нұсқасын жариялады.
Жаңа қосылған айыптар бірнешеу, солардың бірі Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваны өлтіру эпизодына қылмысты жасыру мақсатында жасалған адам өлтіру бабы қосылды.
Ал Мейрамгүл Қарабалинаның өлімі бойынша айып ауырлатылды. Тергеу мәліметінше, ол ДЦП диагнозымен өмір сүрген, көру қабілеті бойынша мүгедектігі болған және дәрменсіз жағдайда болған. Сондай-ақ, тергеу оның ата-анасы қайтыс болғаннан кейін полицияға хабарласуға әрекет жасағаны үшін өлтірілген болуы мүмкін деп санайды.
Сонымен қатар, Сәрсемәлиевке әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыны заңсыз алғаны үшін алаяқтық бабы бойынша айып тағылды. Тергеу мәліметінше, ол марқұмдардың атына түскен төлемдерді иемденген. Бір эпизод бойынша шығын көлемі 520 996 теңге деп көрсетілген.
Бұдан бөлек, бұрын алаяқтық ретінде қаралған малға қатысты эпизод мал ұрлығы бабымен қайта сараланған. Сотта Сұлтан Сәрсемәлиев кінәсін ішінара мойындады. Ол Мейрамгүл Қарабалинаны және әйелінің ата-анасын әдейі өлтіргенін айтқан. Ал Наурыз Мұқанғалиевтің өлімін ол алдын ала жоспарламағанын, жанжал кезінде өзін қорғау үшін жасағанын мәлімдеді.
Бұған дейін Сәрсемәлиев сотта қылмыстан кейін Түркия арқылы Меккеге барғанын және Құдайдан кешірім сұрағанын айтқан. Ол жасаған ісін түсінетінін, алайда марқұмдарды «себепсіз өлтірмегенін» мәлімдеген еді.
Оқи отырыңыз:
«Өзімді емес, оларды өлтіруді таңдадым»: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық