Қайрат Сатыбалды мен өзге де олигархтар елден ұрлаған миллиардтарын балалар игілігіне жұмсауға мәжбүр
Сурет DALL-E нейронды желісімен жасалған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикор) тәркіленген ақша мен мүлікті қалай дұрыс әрі халықтың пайдасына — жеке мақсатқа емес, ел мүддесіне жаратуға болатынын нақты көрсетіп берді. Қайрат Сатыбалды мысалында біз ұрланған миллиардтардан қалай таза болашақ — жайлы мектептер, балалар лагерьлері мен ерекше балаларға арналған орталықтар салуға болатынын көрдік. Толығырақ Orda.kz тілшісінің репортажында.
Қазақстанның экс-шенеуніктері мен олигархтарының заңсыз (яғни, қылмыстық) жолмен иемденген активтерін мемлекетке қайтаруы — Жаңа Қазақстан идеясының басты ұстанымдарының бірі болды. Елбасы дәуірінде байыған кәсіпкерлер енді «Қазақстан халқына» қорына ерікті түрде аудару немесе сот арқылы мүліктен айырылу жолдарының бірін таңдауға мәжбүр болды. Бірнеше шулы әрі айшықты іс қаралды: кезінде белгілі туысы арқылы ешкім тимеген Қайрат Сатыбалды Жаңа Қазақстанда тергеуге алынды.
Онымен аттас Қайрат Боранбаев та жауапқа тартылды, дегенмен жеңіл жазамен құтылды. Бірақ одан да біраз дүние мемлекет меншігіне өтті. Басқа олигархтармен жұмыс жасырын жүргізіліп, олардан да ел бюджетін толықтыратын қомақты қаражат қайтарылды.
Жайсыз ақшаға – жайлы мектептер
27 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік журналистер үшін тәркіленген және мемлекет меншігіне берілген нысандар бойынша баспасөз турын ұйымдастырды. Сол кезде Астанадағы №96 және №97 гимназиялар көрсетілді. Бұл нысандар сыбайлас жемқорлардан қайтарылған қаржы есебінен салынған «Жайлы мектептер» санатына кіреді.

Бұл мектептер шынымен де балаларға ыңғайлы етіп жабдықталған. Мемлекеттік немесе тәркіленген қаражатқа салынғанына қарамастан, мектептердің сапасында ешқандай айырмашылық жоқ екенін Астана қаласының Білім басқармасы өкілдері айтты.

Журналистер құрылыс кезінде қаражат жымқыру әрекеттері тіркелді ме деп сұрағанда, Антикор өкілдері барлық жұмыс бақылауда екенін мәлімдеді.
Мектеп асханаларындағы баға қолжетімді, ал 1–4 сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі.
«Барлық уәкілетті органдар өз бағыттары бойынша жұмыс істеп жатыр. Ал біздің қызмет тәркіленген мүлікті бақылаумен айналысады – онымен заңсыз әрекеттерге жол бермеу үшін. Қазіргі таңда бұл нысандар бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелмеген», – деді Қаржылық тергеу, іздеу және активтерді қайтару басқармасының аға тергеушісі Мақсат Иманғазин.

Журналистердің «осындай мектептерге қаражат берген тұлғалардың аты-жөнін немесе суретін іліп қою керек пе?» деген сұрағына Иманғазин күлімсіреп:
«Сыбайлас жемқорлар реестрін жүргізу туралы заң жобасы қазір қаралуда. Бұл – заң шығарушылардың еншісіндегі мәселе. Егер депутаттар осындай бастама көтеріп, қолдаса, онда тиісті заң қабылдануы мүмкін. Дегенмен, елімізде адамның жеке өміріне қол сұғуға болмайды. Тіпті сотталған адамдардың да жеке өмірге құқығы бар», – деп жауап берді.

2025 жылға дейін күштік құрылымдардың ықпалымен мемлекет меншігіне 61 мектеп қайтарылды. Бұл – тек Астанада емес, бүкіл Қазақстан бойынша. Биыл тағы 25 мектеп салу жоспарланып отыр.
Балалар — коттеджде, жемқорлар — түрмеде

Келесі нысан — Астананың дәл ортасындағы Қайрат Сатыбалдының сән-салтанатты зәулім сарайы. Бұрын бұл жерде белгілі олигарх «буржуазиялық» ойларымен әлек болса, қазір мұнда нағыз пайдалы істер атқарылуда.
Бұл зәулім үйден қалған «талғамсыздық» қазіргі таңда оңалту орталығына бұйырған. Қызметкерлердің айтуынша, бұрын тіпті мұндай мүмкіндік те болмаған.
Сарай мемлекеттік меншікке өткен соң, нысан Астана қаласының Білім басқармасына беріліп, психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ретінде ашылды. Бұл жерде бүкіл Қазақстаннан келген балалар тегін оңалту курсынан өтеді.

Бұрын мұнда субұрқақ болған, қазір — балаларға арналған сахна.
«Бұл жылжымайтын мүлікпен қоса, бағалы әшекейлер, жиһаз, техника да болды. Қазір олардың көбі сатылды немесе сатылу үстінде. Кейбір эксклюзивті зергерлік бұйымдарды көрсете де, атай да алмаймыз — себебі, солай етсек, шетелдік нарықта бағасы күрт түсіп кетуі мүмкін. Бірақ айтарым – көбі сатылып кетті», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бегайдаров.

Ғимарат толық қайта жабдықталған: кабинеттер, балалар алаңдары ашылған, диагностика және сүйемелдеу қызметі құрылған. Қажет болған жағдайда мамандар балаларды ары қарай емдеуге жібереді.
Аумақта бірнеше ғимарат бар: негізгі коттедж, екі қонақ үй және бассейні бар құрылыс.
«Қазір елімізде тәркіленіп, мемлекет меншігіне өткен нысандар бойынша турлар өтіп жатыр. Солардың бірі – 1,2 гектар аумақты алып жатқан және бағасы 5,2 млрд теңгеден асатын осы балаларды оңалту және түзету орталығы», – деді Бегайдаров.
2022 жылдан бері мемлекет меншігіне 1 триллион 152 миллиард теңге көлеміндегі актив қайтарылған. Бұл тек активтерге қатысты. Бұдан бөлек, жемқорлық қылмыстар бойынша қозғалған істер аясында бюджетке қосымша қаражат түсіп жатыр.

Журналистер бұдан кейін елордадан тыс аймаққа бет алды — екі сағаттық жол. Мақсат — Сатыбалдыға тиесілі болған тағы бір элиталық жылжымайтын мүлік.

Бұл нысан қазір Астана қаласы әкімдігіне тиесілі. Әкімдік оны Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайына балалар лагері ретінде пайдалануға берген. Бұл — тегін лагерь. Неліктен меншік құрылымы осылай қиындап кеткені әзірге түсініксіз. Дегенмен, лагерьдің өзі әйгілі «Артекпен» бәсекелесе алады.
Қарағай иісі аңқып тұр
Лагерь Астанадан 120 шақырым қашықтықтағы Барап ауылында орналасқан. Аумағы – 13 гектар, құны – 7,9 млрд теңге. Мұнда негізінен аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың 8–13 жас аралығындағы балалары демалады.

Балалар көлде балық аулап, орманда жорықтарға шығып, экскурсияларға қатыса алады, демалыс күндері де арнайы қысқа турлар ұйымдастырылады. Жазда – сегіз ауысым, әр ауысым – жеті күн. Бір уақытта 1400 бала, ал жылына 7000-нан астам бала тынығады.
Келешекте лагерь жыл бойы жұмыс істейтін мекеме болмақ.
Лагерьге барлық инфрақұрылым мен құрылыстар қалған. Бірақ кейбір нысандардан бас тартуға тура келген — мысалы, жеке зоопарк. Бір кездері жануарларды лагерь өзі күткен, бірақ орман шаруашылығы оларға жануарларға дұрыс қарамадыңдар деп сотқа жүгінген.

«Сотта біз жеңдік. Бірақ жануарлар жоғалып кете жаздады – мүмкін, жоғалып та кеткен шығар. Біз оларды арнайы асырадық, бақтық. Балалар үшін бұл керемет еді! Кейін орманшылар өздері қайтадан жануарларды күтіңдер деп ұсыныс айтты. Мен келіспедім – бұл олардың міндеті. Кейін жануарларды Қарағанды зоопаркіне апарды. Онда құдыс, бұғы, марал болды – маралдар қолға үйренген еді», – деді Оқушылар сарайының директоры Вадим Моторин.

Лагерь кіреберісінде тіпті тікұшақ қонатын алаң бар.

2024 жылғы сәуірде Антикор Қайрат Сатыбалдының қосымша активтері мемлекетке 50 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылғанын хабарлаған еді.
Былтыр тамыз айында Қайрат Сатыбалды мемлекетке 1,6 млрд АҚШ доллардан астам мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарды.
Қайрат Сатыбалдадан мемлекет пайдасына 650 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді. Оған қатысты тағы бір іс сотқа жіберілді.
Биыл Ұлттық мұражайға сақ дәуірінің көзі болған жаңа жәдігерлер келді. Ұлтымыздың тарихи мұрасына айналған бұл жәдігерлерді Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ұстағанын анықтадық.
Жаңалықтар
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды