Қайрат Сатыбалды 1,6 млрд АҚШ долларын мемлекетке қайтарды
Коллаж Orda.kz
Қ.Сатыбалды мемлекетке 1,6 млрд АҚШ доллардан астам мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарды.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
1,6 млрд доллардың 661,5 млн доллары шетелден Қазақстанға қайтарылды. Атап айтар болсақ, қаржы мен активтер, мүліктер Австрия, Лихтенштейн, БАӘ, Түркиядан табылды.
Қайтарылған активтерге әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардың үлестері, теміржол тұйықтары мен ақша қаражаттары кіреді.
- 1. «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 28,8% - 93,8 млрд тг.
- 2. «КСО» АҚ – 30,2 млрд тг.
- 3. 4 компаниядағы қатысу үлесі – 10,3 млрд тг.
- 4. Қазақстандағы мүліктік активтер – 158,5 млрд тг.
- 5. Эксклюзивті зергерлік бұйымдар – 105,39 млрд тг.
- 6. Қазақстан шоттарындағы ақша – 36,8 млрд тг.
- 7. Австриядан түскен ақша – 36,8 млрд тг.
- 8. Лихтенштейннен түскен ақша – 116,7 млрд тг.
- 9. БАӘ-нен келген ақша – 6,3 млрд тг.
- 10. Түркиядан келген ақша – 2,2 млрд тг.
- 11. Бағалы қағаздарды сату – 135,8 млрд тг.
Астана және Алматы қалаларында мемлекетке берілген әкімшілік ғимараттардың жалпы ауданы 180 мың шаршы метрден асады. Люкс нысандарының бірі – Ақмола облысының Барап ауылында жалпы ауданы 1,5 мың шаршы метр. Ал Қайрат Сатыбалдының жеке резиденциясы – Астана қаласы Білім басқармасына берілді.
Еске сала кетсек, Қайрат Сатыбалдыға қарсы «Қазақтелеком» АҚ, «Көлік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастырғаны анықталды. Сондай-ақ, Orda.kz оның бақылауындағы компанияның кедендік баж төлеуден жалтару фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық