Кәрім Мәсімовті түрмеде азаптап жатыр - Мәсімовтің жақтаушылары
Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс тобы ҰКҚ-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қорғау үшін Қазақстан үкіметіне үндеу жолдады.
Бұл туралы Кәрім Мәсімовтің қолдаушылары хабарлады.
«Кәрім Мәсімов заңсыз қамауға алынғаннан бері алғаш рет төңірегіндегі мән-жайлардың құқықтық сараптамасы жарияланып отыр. Тергеу барысында жіберілген заң бұзушылықтар тіркелуде» делінген хабарламада.
Олардың ақпаратына сәйкес, Мәсімовті түрмеде азаптау жүріп жатыр.
«Жоғары санатты адвокаттардың жұмысы тек Кәрім Мәсімовті ғана емес, қаңтар оқиғасына байланысты заңсыз қылмыстық қудалауға ұшыраған Қазақстанның барлық азаматтарын босатуға көмектеседі деп сенеміз. Жазықсыз адамдар темір тордың ар жағында жатса, қаңтар трагедиясы жалғасуда.
Халықаралық нормалар мен Қазақстан заңнамасына сәйкес, қылмыстық қудалаудың барлық дәлелдемелері заң бұзушылықпен алынған болса, жарамсыз деп танылады. Іс «аса құпия» айдарымен заңсыз ұстау мен қамауға алу, адвокаттарды жібермеу, азаптау, жалған құжат жасау және жасырын соттар туралы болып отыр» делінген Orda.kz сайтына жіберілген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстанда тәртіпсіздікке ұласқан жаппай наразылықтардан кейін жоғары шенді барлау қызметкерлерін ұстау басталды. Алдымен Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен алынып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды.
Сондай-ақ, ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылды. 13 қаңтарда Мәсімовке де билікті күшпен басып алуға және билікті асыра пайдалануға бағытталған әрекеттермен күдікке ілінгені белгілі болды. Садықұлов пен Ерғожиннің ұсталғаны туралы да белгілі болды. Кейін Мәсімов пен Садықұловты сот қамауға алып, іс «құпия» санатқа жатқызылғаны белгілі болды.
7 ақпанда сот санкциясымен Ерғожиннің де қамауға алынғанын хабарланды. 8 ақпанда ҰҚК «Арыстан» арнайы қызметінің директоры мен осы қызмет орталығының басшысы ұсталғаны, ал 23 ақпанда комитет басшысының тағы бір бұрынғы орынбасары Марат Өсіповтың ұсталғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді