Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
Фото: Бейнежазбадан кадр
АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше апта бұрын Анкарада өткен НАТО саммитінен ұшақ ауыстырып, жасырын кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
The Washington Post басылымы үкімет өкіліне сілтеме жасап хабарлағандай, Трамп әдеттегідей алдымен Air Force One бортына көтерілген. Алайда көп ұзамай ол ұшақтан қайта түсіп, президенттік бортқа тіркелген кейтеринг контейнеріне кірген.
Кейін жүк көлігі Трамп отырған контейнерді шағын C-32A ұшағына жеткізген болуы мүмкін. Президент АҚШ-қа дәл осы ұшақпен ұшып кеткен. Ал сол уақытта Air Force One бортындағы БАҚ өкілдері, тіпті үкіметтің кейбір қызметкерлері Трамп әлі де президенттік ұшақта отыр деп ойлаған.
Washington Post мәліметінше, ұшақты жасырын ауыстыруға Иран тарапынан Трампқа қастандық жасау қаупі себеп болған. Бұл жағдайға қатысты америкалық БАҚ-тың сауалына Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стив Чунг:
«Президент жақында айтқандай, Американың оны нысанаға алған көптеген жауы бар. Біз осы қауіптерге қарсы тұру үшін қолымыздағы барлық мүмкіндікті пайдаланып жатырмыз», — деп жауап берді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық