Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
Фото: Pixabay.com
Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы қаза тапқан оқиғаға байланысты үш күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, 20 шілдеде Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жоламан ауылындағы кәсіпорында кәріз құдығындағы электр сорғысы ақауын жөндеу жұмыстары кезінде алты адам қаза тапқаны туралы ақпарат тараған еді. Марқұмдардың ең жасы – 16 жастағы бозбала.
Төтенше қызметке шақырту сағат 12:01-де түскен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның қаза болғанын анықтады. Марқұмдардың ең жасы – 16 жаста. Тағы бір 1988 жылы туған ер адам көмірқышқыл газынан уланып, Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді.
Сол кезде тағы бір адамның ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбаған.
11 тамызда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл іс бойынша Тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
«Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Қазіргі уақытта үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады полиция департаменті өкілдері.
Алдын ала мәлімет бойынша, жауапкершілігі шектеулі серіктестік аумағында бірнеше адам құдыққа түсіп, сол жерде көз жұмған. Бейресми ақпаратқа сәйкес, олар құдықтағы ақауды жөндеу үшін түскен.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық