Ирандағы нарызылық кезінде қаза тапқандар саны 500-ден асты
Аталмыш деректі АҚШ-та орналасқан құқық қорғаушы белсенділер агенттігі (HRANA) мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Деректерге сәйкес, Иранда болып жатқан наразылық кезінде 490 бейбіт тұрғын мен 48 қауіпсіздік қызметі қаза тапты. Ал 10 мыңнан аса адам ұсталды. Иран билігі әлі де қаза тапқандардың санын ресми түрде жариялаған жоқ. Жаппай наразылық 2025 жылдың 28 желтоқсанында басталған болатын.
Тілге тиек етейік, Ирандағы жаппай халық көтерілісі негізінен елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты туындады. Жыл соңында Иран валютасы (риял) күрт құнсызданып, инфляция шарықтады, азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларының бағасы халық үшін қолжетімсіз деңгейге жетті. Жұмыссыздықтың өсуі мен халық табысының төмендеуі әлеуметтік жағдайды одан әрі ушықтырды.
Алғашында наразылықтар саудагерлер мен қарапайым тұрғындардың экономикалық талаптарынан басталды. Олар қымбатшылыққа, мемлекет қаржысының тиімсіз жұмсалуына және халықтың тұрмысын жақсартуға нақты шаралардың жоқтығына қарсы шықты. Кейін бұл наразылықтар кеңейіп, билікке сенімсіздік, жемқорлыққа қарсылық, саяси және азаматтық еркіндіктерді талап ету сияқты саяси сипат алды.
Еске салсақ, Иранда наразылықтар кезінде халық Солтүстік Хорасан провинциясының прокурорын тірідей өртеп жіберген.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
- Еурокомиссия басшысы Ирандағы зорлық-зомбылықты айыптап мәлімдеме жасады
- Ирандағы қантөгіс: Жүздеген адам қаза тапты, жаппай тұтқындаулар мен өртке оранған мешіттер
- Иранда наразы халық Солтүстік Хорасан прокурорын тірідей өртеп жіберді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық