Ирандағы қантөгіс: Жүздеген адам қаза тапты, жаппай тұтқындаулар мен өртке оранған мешіттер
Фото: Әлеуметтік желіден
Иранда наразылықтар желтоқсан айының соңынан бері тоқтаған жоқ. Кейбір деректерге сәйкес, қаза тапқандардың саны жүздеп саналады. Ел аумағында интернеттің өшірілуіне байланысты келіп жатқан ақпаратты тексеру өте қиын. Orda.kz қазіргі уақытқа дейінгі жағдайға шолу дайындады.
CNN мәліметінше, Тегеран провинциясындағы аудандардың бірінде Иран билігі шамамен 100 адамды ұстаған. Әңгіме астана маңындағы Бахарестан ауданы туралы болып отыр. Ұсталғандар қоғамдық тәртіпті бұзды және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыпталды. Бұл туралы Tasnim агенттігіне жергілікті шенеуніктердің бірі хабарлаған.
Оның айтуынша, тұтқындалғандардың бір бөлігі бейбіт тұрғындар мен қауіпсіздік күштеріне қарсы атыс қаруын және суық қаруды қолданған көрінеді. Алайда нақты оқиғалар бойынша егжей-тегжейлі мәлімет берілмеген.
Сонымен қатар құқық қорғаушылар наразылықтардың салдары әлдеқайда ауқымды екенін айтып отыр. АҚШ-та орналасқан HRANA агенттігінің дерегіне сәйкес, ел бойынша екі аптаға созылған үкіметке қарсы шерулер кезінде кемінде 65 адам қаза тапқан. Олардың ішінде 14 — қауіпсіздік құрылымдарының қызметкерлері, 48 — наразылық білдірушілер. Ал ұсталғандардың жалпы саны 2300 адамнан асқан.
Америкалық Time журналы бұдан да қатаң жағдайлар келтіреді. Басылым денсаулық сақтау саласындағы дереккөздерге сілтеме жасап, қаза тапқандар саны кемінде 217 адамға жеткенін жазады. Өлімдердің басым бөлігі атыс қаруынан болған жарақаттармен байланысты. Тек Тегерандағы алты аурухананың өзінде, журнал мәлімдеуінше, негізінен жастардан тұратын жүздеген наразылық білдірушінің қаза тапқаны тіркелген. Алайда басылым бұл мәліметтерді өз бетінше тексеру мүмкін болмағанын атап өтеді.
Фото: Әлеуметтік желіден
Осы тұста наразылықтарға қатысты риторика да күшейе түсті. Шах әулетінің бұрынғы мұрагері Реза Пехлеви наразылық білдірушілерді тек митингілермен шектелмей, қалалардағы маңызды нысандарды басып алып, ұстап тұруға дайындалуға шақырды. Ал Иран билігі бұған дейін акцияларға қатысушыларды өлім жазасымен қорқытқан болатын.
Наразылыққа шыққандардың өз ішінде де жікшілдік байқалуда. БАҚ деректері мен әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, Тегерандағы тәртіпсіздіктер кезінде ондаған мешіт өртелген. Сонымен қатар мониторингтік топтар ел ішінде интернеттің дерлік толық өшірілгенін тіркеуде.
Ирандағы жағдайға пікір білдірген Дональд Трамп Ақ үйдегі брифинг барысында: егер ирандық қауіпсіздік күштері демонстранттарға оқ ататын болса, АҚШ елге жаңа соққы жасайтынын жоққа шығармайтынын мәлімдеді:
«Егер олар оқ атса, біз де атамыз», — деді ол.
Ирандағы наразылықтар желтоқсан айының соңынан бері жалғасып келеді. Оған елдегі терең экономикалық дағдарыс себеп болды: инфляция деңгейі 42 пайыздан асып, иран риалы долларға шаққанда 1,42 миллионға дейін құнсызданып, антирекорд орнатты. Осы жағдайдың аясында көшедегі шерулер жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып, билік күштік қысымды күшейтті.
Тақырыпты тереңірек білгіңіз келсе:
- Прокурор оларды террористке теңеді: Ирандағы тәртіпсіздікке қатысқандарға өлім жазасы қаупі төніп тұр
- Иранда наразы халық Солтүстік Хорасан прокурорын тірідей өртеп жіберді
- Ирандағы наразылықтың мақсаты монархты қайтару емес
- Қымбатшылық наразылығынан тұтанған Ирандағы «Қаңтар оқиғасы» қалай жалғасуда
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық