Еурокомиссия басшысы Ирандағы зорлық-зомбылықты айыптап мәлімдеме жасады
Фото: euneighbourseast.eu
Еуропа Ирандағы наразылық білдірушілерді толық қолдайтынын және оларға қарсы жасалып жатқан зорлық-зомбылықты айыптайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мәлімдегенін Orda.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ол бұл жөнінде сенбі күні, 10 қаңтар кешінде X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Тегеран көшелері мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі қалалар ирандық әйелдер мен ер азаматтардың бостандықты талап еткен қадамдарының жаңғырығын қайталауда. Сөйлеу еркіндігі, жиналу еркіндігі, саяхаттау және ең бастысы — еркін өмір сүру құқығы тапталуда. Еуропа оларды толық қолдайды. Біз осы заңды шерулердің қатыгездікпен басып-жаншылуын қатаң түрде айыптаймыз».
Tehran’s streets, and cities around the world, echo with the footsteps of Iranian women and men demanding freedom.
— Ursula von der Leyen (@vonderleyen) January 10, 2026
Freedom to speak, to gather, to travel and above all to live freely.
Europe stands fully behind them.
We unequivocally condemn the violent repression of these…
Сондай-ақ ол қамауда отырған барлық демонстранттарды дереу босатуға шақырды.
«Біз интернетке қолжетімділікті қалпына келтіруге шақырамыз. Және, ең бастысы — негізгі адам құқықтарының сақталуын талап етеміз», - деп қосты Еурокомиссия басшысы.
Ирандағы митингілер 2025 жылғы 28 желтоқсаннан бері тоқтаған жоқ. Сол күні Тегерандағы басты қалалық базардың дүкен иелері елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауына наразылық ретінде өз дүкендерін жапты. Кейінірек шерулерге елдің басқа да ірі қалаларының тұрғындары қосылды.
30 желтоқсанда наразылық білдірушілер мен полиция арасындағы алғашқы қақтығыстар туралы хабар тарады, күштік құрылым өкілдерінің демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданғаны айтылды. Уақыт өте келе наразылық саяси сипатқа ұласты. Қатысушылар «Хаменейге өлім» деген ұрандар көтере бастады. Бұл Ислам Республикасының рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменейге бағытталған.
Кейіннен шерулер жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Тегеран мэрі Алиреза Заканидің мәліметінше, 9 қаңтарға қараған түні өткен наразылық акциялары кезінде 50-ден астам банк пен бірнеше мемлекеттік мекеме өртеліп, 30-дан астам мешіт отқа оранған.
Наразылықтар аясында билік Тегеран көшелеріндегі бақылауды күшейтіп, интернетке қолжетімділікті шектеді. Құқық қорғау саласындағы HRANA ақпарат агенттігінің дерегінше, 9 қаңтарға дейінгі наразылықтар барысында кемінде 65 адам қаза тапқан — олардың 15-і қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері, 50-і наразылық білдірушілер. Сонымен қатар 2300-ден астам демонстрант ұсталған.
Тегеран прокуроры жаппай наразылық акциялары мен тәртіпсіздіктерге қатысқандарға қатысты қатаң шаралар қолданылатынын мәлімдеді.
Журналистердің айтуынша, наразы халық прокурор мен оның командасын контейнерге қамап, өртеп жіберген.
Аятолла Әли Хаменей жаппай наразылықтарға қатысушыларды «арандатушылар» және «елге зиян келтіріп жүрген адамдар» деп айыптады.
Тақырыпқа сай оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық