Иран: АҚШ-қа 20 млрд доллардан астам шығын келтірдік
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) АҚШ-пен қақтығыс кезінде америкалық әскери нысандарға 20 миллиард доллардан астам шығын келтіргенін мәлімдеді.
КСИР (ИРСК) өкілі Хосейн Мохебидің Tasnim агенттігіне айтуынша, 8–22 шілде аралығында Иранның соққылары нәтижесінде АҚШ-тың әскери техникасы мен инфрақұрылымына орасан зиян келген. Бұл баға америкалық әскери техниканың нарықтық құны, Пентагонның бюджет құжаттары және инфрақұрылымды қалпына келтіру шығындары негізінде есептелген.
Мохебидің сөзінше, осы кезеңде:
- 11 америкалық жойғыш ұшақ пен тікұшақ;
- 17 барлау және операциялық дрон;
- ангардағы F-15 жойғышы;
- P-8 патрульдік ұшағы;
- C-17 әскери-көлік ұшағы;
- 8 әуе жанармай құю ұшағы жойылған.
Сондай-ақ КСИР өкілі Иран шабуылдарының салдарынан 200-ден астам америкалық әскери қызметкер қаза тапқанын, ал жараланғандар саны бұдан әлдеқайда көп екенін айтты.
Оның мәлімдеуінше, операция әлі де жалғасып жатыр және АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери қатысуына байланысты нысандарға бағытталған.
Еске салсақ, 8 шілдеде АҚШ президенті Дональд Трамп 18 маусымда күшіне енген бітімнің аяқталғанын жариялаған болатын. Осыдан кейін АҚШ әскері 13 түн қатарынан Иран аумағына соққы жасады. Бұған жауап ретінде Тегеран Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға шабуылдар ұйымдастырды.
Кейінірек АҚШ Иранға соққыларды тоқтататынын мәлімдеді. Осыдан соң Тегеран да жауап операцияларын уақытша тоқтатқанын хабарлады.
Ескертейік, жоғарыдағы мәліметтердің барлығы Иранның КСИР өкілінің мәлімдемесіне негізделген. АҚШ тарабы бұл шығындар мен адам шығыны туралы ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық