Иракта экс-шенеуніктің үйінен су бөтелкелеріне жасырылған 20 миллион доллар табылды
Фото:alquds.co.uk
Иракта жемқорлыққа қатысты тергеу барысында бұрынғы мұнай министрі орынбасарының үйінен су бөтелкелеріне жасырылған шамамен 20 миллион доллар қолма-қол ақша мен 5 келі алтын тәркіленді, деп хабарлайды Orda.kz.
Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, Ирак билігі бұрынғы мұнай министрінің орынбасары Абдулла әл-Жумайлидің үйін тінту кезінде пластик су бөтелкелеріне жасырылған шамамен 20 миллион АҚШ доллары мен 5 келі алтын тапты.
Тәркілеу жемқорлық және мемлекеттік жобаларға бөлінген қаражатты жымқыру дерегі бойынша жүргізіліп жатқан тергеу аясында жүзеге асқан. Соңғы тінтуден кейін тәркіленген активтердің жалпы құны 120 миллион долларға жеткен.
Қолма-қол ақшадан бөлек, тергеушілер бірнеше жылжымайтын мүлік нысанын, автокөліктерді және алтын әшекейлерді де тәркілеген. Әл-Жумайли биыл маусым айында мұнай өңдеу зауыттарының құрылысына қатысты келісімшарттар жасау кезінде жемқорлыққа жол берді деген күдікпен ұсталған.
Бұл іс Ирак премьер-министрі Мұхаммед әл-Заиди жариялаған ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан аясында тергеліп жатыр. Бұған дейін осы науқан барысында ондаған шенеунік пен депутат қамауға алынған.
Оқи отырыңыз:
ХАМАС 20 жылдық биліктен бас тартуға дайын: Бұл не білдіреді?
Мемлекеттік Туды енді киімге жапсыруға тыйым салынады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық