Индонезияда жаппай наразылық: митингке шыққандар шенеуніктердің резиденцияларына басып кірді
Фото: Әлеуметтік желіден
Индонезияда үкіметке қарсы наразылық шерулеріне қатысушылар қаржы министрінің резиденциясына және бірнеше жоғары лауазымды тұлғалардың үйлеріне басып кірді. Митингке шыққандар мүліктерді тонай бастаған, бірақ қарулы күштер оларды кейін шегіндірді, деп хабарлайды Orda.kz SVTV NEWS ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Наразылық акциялары 25 тамыз күні басталып, қазіргі таңда Бали аралы да қоса алғанда елдің барлық өңірлерін дерлік қамтып отыр. Наразылыққа себеп болған жағдай — депутаттарға 50 миллион рупий көлемінде тұрғын үйге арналған өтемақы төлеу туралы шешім. Бұл сома үш мың АҚШ долларынан асады және Джакартадағы ең төменгі жалақыдан он есе жоғары.
Көшеге шыққан жұрт жалақыны көтеруді, еңбек жағдайын жақсартуды және парламенттің таратылуын талап етуде. Наразылықтар зорлықпен қатар жүруде: Макассар қаласында өңірлік парламент ғимараты өртеліп, үш адам қаза тапты. Басқа қалаларда да өрт қою жағдайлары тіркелді.
Индонезия президенті Прабово Субианто Қытайға жоспарланған сапарынан бас тартып, даулы төлемдерді тоқтататынын мәлімдеді. Джакартада және бірнеше өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтілді, полиция көз жасаурататын газ және су атқыш құралдар қолдануда.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, тәртіпсіздіктер кезінде кемінде төрт адам қаза тауып, бірнеше адам ауыр жараланған.
Біз жақында Индонезияда есірткімен айналысқан екі қазақстандық ату жазасына кесілуі мүмкін екенін хабарлағанбыз.
Былтыр Индонезия астанасы Джакартада 10-14 желтоқсан аралығында ММА бойынша ересектер арасында әлем чемпионаты өтіп, қазақстандық спортшылар 19 медаль жеңіп алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық