Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Индонезияның Флорес өңірінде болған күшті жер сілкінісінен ғимараттар қирап, қатты зақымданды. Осы уақытқа дейін бес адамның қаза тапқаны белгілі. Шамамен екі мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, 15 тамызда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5:58-де магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Индонезияның Метеорология, климатология және геофизика агенттігі (BMKG) кейін жер сілкінісінің ошағы 15 шақырым тереңдікте болғанын нақтылады. Жер сілкінісінің эпицентрі Шығыс Нуса-Тенгара провинциясындағы Нагекео қаласынан шамамен 30 шақырым солтүстік-шығысқа қарай, теңізде орналасқан. Негізгі дүмпуден кейін жер сілкінісі бірнеше рет қайталанған.
Reuters агенттігінің мәліметінше, кемінде бес адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған. Шығыс Нуса-Тенгара провинциясының губернаторы Эмануэль Мелькиадес Лака Лена бұған адамдар ұйықтап жатқан кезде ғимараттардың опырылып құлауы себеп болғанын айтты.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісінен кейін тұрғындар арасында дүрбелең басталған. Флорес аралындағы Маумере қаласында үйлер айтарлықтай қираған. Тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар, қоймалар және басқа да нысандар зақымданған. Электр қуатымен қамтамасыз ету үзілген. Сондай-ақ кемінде бір көшкін болғаны да тіркелді.
Энде қаласындағы ауруханада науқастар қауіпсіздік мақсатында ғимараттан сыртқа шығарылған. Нагекео қаласының шамамен екі мың тұрғыны эвакуацияланған.
Жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туралы ескерту жарияланды. Алайда Индонезияның Метеорология, климатология және геофизика агенттігі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:30-да ескертуді алып тастады.
Агенттік мәліметінше, жер сілкіністері әлі де қайталанып жатыр. Негізгі дүмпуден кейін тағы да магнитудасы 5,6 және 5,3, кейін тағы 5,0 болатын жерасты толқындары тіркелген.
Еске сала кетейік, 24 маусымда Венесуэланың солтүстігінде магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер сілкінісі шамамен 40 секунд айырмашылықпен болған. Соңғы мәлімет бойынша, бұл табиғи апаттан қаза тапқандар саны 5,3 мыңнан асқан.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды
- Астанада автобус самокат мінген жасөспірімді қағып кетті
- Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсу жоспарын жариялады
- Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды
- «Дайвинчик»: Танысуға арналған танымал Telegram-ботына сот арқылы тыйым салынды
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 280-нен асты