ІІМ банк арқылы болатын алаяқтықтың жаңа түрін ескертті
Фото: gov.kz
Ішкі істер министрі жасанды интеллект арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
ІІМ-нің мәліметінше, әлеуметтік желілерде deepfake арқылы банктердің бірінің басшысының бейнесі қолданылған бейнеролик таралып жатыр. Бұл роликте азаматтарға Halyk+ деп аталатын инвестициялық платформаның көмегімен ірі көлемде ақша табуға болады деген жалған ақпарат айтылады.
«Ішкі істер министрлігі мұндай платформаның жоқ екенін мәлімдейді. Таралып жатқан ақпарат жалған және азаматтарды адастыруға бағытталған. Бұл ақшалай шығынға әкелуі мүмкін. Азаматтар кез келген белгісіз онлайн-платформалар арқылы ақша салу туралы ұсыныстардың алаяқтық тәуекелі жоғары екенін естен шығармауы тиіс», деп мәлімдеді ішкі істер министрлігі.
Сөз соңында қауіпсіздік мақсатында қаржылық операцияларды тек банктердің ресми бөлімшелеріне жеке барып жүргізу қажет екенін де тілге тиек етті.
Оқи отырыңыздар:
- Қазақстандықтардың деректерін сатқан: Астана мен Алматыда қылмыстық топ құрықталды
- Еліміздің кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру қалай жүріп жатыр?
- Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық