Қазақстандықтардың деректерін сатқан: Астана мен Алматыда қылмыстық топ құрықталды
Фото: ҰҚК
Қазақстанның ірі қалаларында азаматтардың құпия деректерін заңсыз таратты деген күдікке ілінген қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың наурыз айында Астана мен Алматы қалаларында Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жинау және таратуға байланысты заңсыз әрекеттер әшкереленген.
«Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық іс фигуранттары интернет желісінде заңсыз жолмен алынған ақпаратты сатып отырған. Сатып алушылар қатарында кейбір микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған», деп мәлімдеді ҰҚК.
Ведомствоның хабарлауынша, тінту барысында компьютерлік техника, электронды ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемдегі ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық