Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысының шешімі шықты
Фото: Orda.kz
Бүгін Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық сот отырысының шешімі шықты. Қорғау тарабы бірінші сатыдағы сот үкімімен келіспей, оны заңсыз әрі негізсіз деп танып, толықтай жоюды талап етуде. Жәбірленуші Алимов сотқа онлайн қатысты. Orda.kz тілшісі тікелей сот залынан ақпарат берді.
Еске салайық, бірінші инстанция соты Қасымбаевты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Адвокаттар бұл шешімді «тапсырыспен жасалған қудалау нәтижесі» деп бағалап отыр.

Сонымен қатар қорғау тарабы іс материалдарынан кейбір құжаттардың жоғалып кеткенін, ал сот отырысында кейіннен қосылған қаулылардың бастапқы тізімдемеде болмағанын мәлімдеді. Адвокаттар мұны дәлелдеме базасын бұрмалау деп бағалап, соттан тиісті процессуалдық шешім қабылдауды сұрады.
Прокуратура бірінші сатыдағы сот үкімі заңды әрі негізді деп санайды. Айыптау тарабы тергеу әрекеттері заң талаптарына сай жүргізілгенін және жиналған дәлелдемелердің жеткілікті екенін айтты. Жәбірленуші тарап Алимовтың анасы арыз жазылмай тұрып бірнеше рет айыпталушылардан ақша алғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Талғар аудандық сот шешіміне жартылай қанағаттанғанмен, моральдық шығынға көңілдері толмай отырғанын да жасырмады.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 30-бөлігі, 25-бабының 2-бөлігінің 1–3-тармақтары, 28-бабының 30-бөлігі, 6-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы, 194-бабының 2-бөлігінің 1–2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған үкіммен қорғау тарабы үзілді-кесілді келіспейді, өйткені ол заңсыз әрі негізсіз, сондықтан сөзсіз күшін жоюға жатады», — деді Хасанның қорғаушысы Ерлан Мендешов.
Мендешовтің айтуынша бірінші сатыдағы сотта қорғау тарабы Хасбаевқа қатысты қылмыстық қудалаудың ашық түрде тапсырыспен жасалғанын дәлелдеді. Іс қозғауға Қаржабайдың ұлы Шерзаттың қайғылы қазасынан небәрі үш күн өткен соң жасаған мәлімдемесі негіз болды.
«Атап айтқанда, 2024 жылғы 15 қазанда, яғни Хасан Қасымбаевқа қатысты қандай да бір қылмыстық іс тіркелмей тұрып, облыстық полиция департаменті әділет департаменті мұрағатына 2014 жылғы қылмыстық-процестік заңдылықтың бұзылуына қатысты материал жолдаған, алайда бұл қылмысты асыра пайдалану емес екені көрсетілген. Бірақ осы мән-жайлардың айқындығы мен маңыздылығына қарамастан, сот оларды анықтауды қажет деп таппады»

Қорғаушылардың айтуынша Талғарда қаралған соты бұл іс материалдарының қолдан жасалғанын дәлелдейтін деректерге көз жұмған: істен 14 парақ жоғалып кеткен. Сонымен қатар, аудан прокуратурасы қол қойған, қылмыстық істі тоқтатумен келісілген қаулылар да жоғалған. Бұл мән-жайлар сот залында осы істі тоғыз жыл бұрын тергеген бұрынғы тергеуші Саларива тарапынан тікелей расталды. Яғни, тергеуге тікелей қатысқан адам құжаттардың іс материалдарында болғанын, кейін жоғалып кеткенін растады. Бұл жалаң мәлімдеме емес.
«Іс материалдарында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің ресми жауабы бар, ол іске тіркелген. Осы құжаттан 2016 жылғы 30 қыркүйекте ҚК-нің 389-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылықты саралау туралы және 2016 жылғы 18 қазанда тергеу мерзімін ұзарту туралы қаулылар болғаны көрінеді. Алайда бұл қаулылар кейіннен өрескел түрде алынып, жойылған, бұл дәлелдеме базасын әдейі бұрмалауды көрсетеді», — деді қорғаушылар.
Мемлекеттік қорғаушы Н.Есенгединов Н. Талғар аудандық соттың шешімін дәлелді деп тағылған айыптарды өз күшінде қалдыруды сұрады. Сонымен қатар, жәбірленуші Алимов моральдық шығынды азсыннып арыз білдірді. Уақытынан кешіктірілгеннен кейін сот өтінішін қабылдаған жоқ.

Апелляциалық сот отырысының нәтижесі бойынша Хасан Қасымбаевтың үкімі өзгеріссіз қалды.
Оқи отырыңыз:
- Хасан Қасымбаевтың соты: БАҚ өкілдерін сот залына кіргізбеді
- Хасан Қасымбаевтың адвокаттары аппеляциялық сотқа арыз берді
- Талғардағы бассыздық: Хасан Қасымбаев 8 жылға сотталуы мүмкін
Жаңалықтар
- Қазақстанда зейнетақы активтерін басқаратын алтыншы жеке компания пайда болды
- Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ түрмесінен үндеу жариялады
- ШҚО-да жолдағы бала өліміне қатысты жол-құрылысы ұйымының бас инженері сотталды
- Қытай компаниясы Қазақстандағы кен орнын сатып алып рекордтық дивидендке қарық болды
- Қайын жұртын түгелдей қырып тастаған күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- Айыппұлға ашуланған екі жігіт көшедегі камераларды қиратқан
- АҚШ пен Еуропада миллиондаған адам Трампқа қарсы наразылыққа шықты
- Алматыда LRT құрылысы үшін 270 жер учаскесі алынады
- Алматы полициясы әйелдерін «сыйға тарта салатын» имамды жазалады
- Ұлыбританияға жұмысқа орналастырамын деп 80 адамның 40 миллион теңгесін қағып алған
- АҚШ Таяу Шығысқа 3 мыңнан астам теңіз жаяу әскерінің келгенін хабарлады
- Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан «астық дағдарысы» болуы мүмкін
- Көлік салығына байланысты кімдердің шоттары бұғатталады?
- ТЖМ Қазақстанның бірнеше өңірінің тұрғындарына ескерту жасады
- Трансгендерлердің Олимпиадаға қатысуына тыйым салынды
- «Жер сағаты» акциясы: Қазақстан бір сағатқа жарықты сөндіреді
- Алматы құрылыс бақылау басқармасы заңсыз лицензия таратқан: қылмыстық схема әшкере болды
- БАҚ: Украина әскери қимылдарға арналған қаражат тапшылығына ұшырады
- «Халық заңгері»: дипфейктер Қаржылық мониторинг агенттігіне де қол салды
- Түркістан облысында сталкинг бойынша алты іс сотқа жолданды