Хасан Қасымбаевтың адвокаттары аппеляциялық сотқа арыз берді
Фото: Хасан Қасымбаевтың Instagram парақшасынан
Хасан Қасымбаев пен оның серіктеріне қатысты істі қайта қарау үшін адвокаттары апелляциялық сотқа арыз жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы адвокаттардың бірі Нариман Керуенов айтты.
«Бүгін үкім шыққанына 15 күн болды. Кеше біз алдын ала шағым бердік және оны толықтырамыз, өйткені үкімді кеше ғана алдық. 56 парақтан тұратын құжатты мұқият зерттеп, талдауымыз керек», – деді Нариман Керуенов.
Бұған дейін адвокаттар сот шешімімен келіспеген болатын.
Айта кетейік, 10 қараша күні Талғар аудандық сотында «Хутор» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі ретінде танылған Хасан Қасымбаев пен оның серіктеріне қатысты сот үкімі жарияланды.
Сот шешімі бойынша Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге оның ісі бойынша айыпталған Сайлау Ақтанов — 8 жыл 6 ай , Данияр Асқаров — 8 жыл, Руслан Әлиев — 8 жылға, Мадияр Қалымжанов — 9 жыл 6 ай арқалап, Нұрмұхамет Сұлтанбеков — 22 жылға сотталды.
Соңғы сөзінде Хасан өзін халықты тыныштандыру үшін соттап жатқанын және оның ісін дәлелдейтін ешқандай айғақ жоқ екенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық