Ғұмырын сахна өнеріне арнаған Балтабай Сейітмамытұлы көз жұмды
Фото: Бейнеден кадр
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаралы хабарды мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді. Актер 76 жасына қараған шағында көз жұмды.
«Балтабай Сейітмамытұлы – саналы ғұмырын қазақ сахна өнеріне арнаған сирек болмысты тұлға еді. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына айналған бейнелер галереясын қалыптастырып, классикалық және заманауи драматургияны терең философиялық оймен, биік актерлік мәдениетпен сомдай білді» деп жазды министрлік өкілдері.
Балтабай Сейітмамытұлы 1950 жылы 11 сәуірде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қастек ауылында туған. «Жүрегім ашық жақсыға» кітабының, жарияланған спектакль рецензияларының авторы.
Ол I.Есенберлиннің «Ғашықтар» (Амантай), Е. Ерубаевтың «Менің құрдастарым» (Рахмет), С. Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» (Военком), А.П. Чеховтың «Шағала» (Тригорин), Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» (Иванов), У. Шекспирдің «Даулы түнгі думан» (Тизей), М. Әуезовтың «Абай» (Айдар) спектакльдерінде ойнады.
Сейітмамытұлы 2002 жылы Қазан қаласында өткен Халықаралық Түркітілдес елдердің театр фестивалінде Иран-Ғайыптың «Қорқыттың Көрі» аңыз-дастанындағы Қорқыт рөлі үшін, «Ең үздік ер адам бейнесі» жүлдесі бойынша Халықаралық театрлар фестивалінің екінші мәрте лауреаты атанды. «Алтын қанатты адам» сыйлығын иеленді.
Оқи отырыңыз:
- Қарағанды облысында 4 жыл бойы темірді шетелге заңсыз шығарған кәсіпорын сотқа тартылды
- Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінен шығып қалды
- Төбелестен кейін жұмыстан кеткен Сәпиев бірден жаңа қызметке тағайындалды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық