Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінен шығып қалды
Фото: UFC
Қазақстандық ММА файтері Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінен шығарылды. Бұған дейін ол екінші орында тұрды әрі чемпиондық белбеуге басты үміткерлердің бірі еді, деп хабарлайды Orda.kz.
UFC жаңартылған рейтингін жариялады. Шавкат Рахмонов топ-15 тізімінен тыс қалды. Ол бұған дейін екінші үміткер болып тұрған. Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Иэн Мачадо Гарри үздік үштікті түйіндеп тұрды. Ал бірінші орында австралиялық Джек Делла Маддалена болды.
Өзгеріс нәтижесінде топ-15-тегі спортшылардың басым бөлігі бір сатыға жоғары көтерілді. Тек Джек Делла Маддалена өз орнында қалды.
Сонымен қатар топ-15 спортшылар қатарына танымал файтер Майкл Пейдж енді.
Еске салайық, жақында қазақстандық спортшының жарақат алғаны белгілі болды. Рахмонов екінші ота жасатқанын айтып UFC-ге оралуды кейінге қалдырды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық