Қылмыстық кодекстегі есірткі заттарын саудалауға қарсы қолданылатын жаза солқылдақ
Golden scales of justice, gavel and books wood brown background
Алматыда сенаторлар, мәжілісмендер мен полицейлер есірткі қылмысына қарсы күрес шараларын талқылады. Жиын барысында ата – аналардың мектеп оқушыларын есірткіге тексеруге қарсы екені де айтылды.
Алматы қалалық ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетовтың айтуынша, қаладағы жағдай біршама тұрақты. Үстіміздегі жылдың бес айында мұндай қылмыстардың 33%-ға төмендеуі тіркелді, деп хабарлайды Orda.kz. тілшісі.
«Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 283 қылмыс тіркелді. Мәселен, өткен түні тәртіп сақшылары апиын өндірісіне арналған үш тонна көкнәр сабанын тәркіледі. Осы іспен Астана және Қарағанды қалаларының тұрғындары ұсталды. Күдіктілер 15 пен 23 жас аралығында», - деді Әлмағамбетов.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары бірнеше түнгі клубтардағы есірткі саудасын тоқтатты.
«Қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізуді қарастыруыңызды сұраймыз – сауданы бастапқы анықтағаны үшін 5 000 АЕК көлемінде айыппұл салуды, ал ғимаратты мемлекет кірісіне тәркілеуді ұсынып отырмыз», - деді Алматы қалалық ІІД бастығы міндетін атқарушы Нұрлан Алмасбеков.
Сонымен қатар, полицейлер сенаторлардан арнайы зерттеулер жүргізетін зертханаға жаңа құрылғылар алып, орнатуға көмектесуді сұрады. Қазір 1996 жылғы техника бар, қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізуге 30 күн қажет. Осы уақыт ішінде болжамды қылмыскер қашып кетуі мүмкін.
Жиынға қатысушылар синтетикалық есірткіге қарсы күреске баса назар аударды. Соңғы уақытта мұндай дәрілік зертханаларды анықтау он есеге артқан.
Айтпақшы, 2019 жылдан бастап Қылмыстық кодекске есірткіні жарнамалағаны және насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыратын нормалар енгізілген. Интернетте де жұмыс жүргізілуде - дәрі-дәрмек сататын көптеген сайттар жабылды.
Үкімет қабылдаған бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі де «синтетикамен» күресте көмектесті. Тізімде барлығы 368 зат бар.
Алайда, осы шаралардың барлығына қарамастан, есірткіге тәуелділер саны, сонымен қатар есірткі қылмыстары саны артып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 18,5 мыңға жуық нашақор есепте тұр.
Сондай-ақ мектеп оқушыларының ата-аналары балаларды есірткіге тексеруге қарсы екені белгілі болды. Еске салайық, Ішкі істер министрлігі жақында осындай идеяны ұсынған болатын.
Дегенмен, мамандар бұл шаралардың барлығын тиімсіз деп отыр. Мәселен, Алматы аулаларынан күнде есірткі сататын сайттардың кезекті жарнамасын табылып, өшіріледі. Мамандардың айтуынша, қазақстандық жастардың заңсыз заттарға тәуелді болуының себептерін жою қажет.
«Қазір балалар әлемді фильмдер мен сериалдар арқылы түсінеді. Үгіт-насихат аясында 3 жастан 25 жасқа дейінгі аралықта – балалар мен жасөспірімдерге басты кейіпкерлер арқылы дұрыс өмірлік құндылықтарды, мінез-құлық үлгілерін қабылдай алатын кейіпкерлерді көрсету керек деп есептейміз. Мұны мемлекет жасауы керек, өйткені, өкінішке қарай, бұл қазір коммерциялық ұйымдардың қолында, ал бұл фильмдер мен сериалдардың мазмұны айтарлықтай жақсы емес», - дейді Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Нұржан Жақыпов.
Қоғам белсенділерінің айтуынша, әр облыста есірткіге қатысты фактілерге жауап беретін топтар құрылып, олар азаматтардың өтініштерін жедел қарайтын болса, бұл жұмыс нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресте нақты нәтиже бермек.
Сондай-ақ есірткі пайдалану бабын Қылмыстық кодекстен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстыру ұсынылып отыр. Бұл туралы сенатор Андрей Лукин ұсыныс жасады.
«Нашақорлықпен күрес күрделі, оған мемлекеттік органдар ғана емес, жеке және үкіметтік емес ұйымдар да қатысады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 1-бөлігімен Алматы қаласы бойынша 68 іс анықталып, қорытындысында екі қылмыстық іс сотқа жолданды, оларда бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы тағайындалмаған, бұл Қылмыстық кодекстің осы бабының тиімдсіздігін, жеткіліксіздігін көрсетеді», - деді Лукин.
Нашақорларды мәжбүрлеп емдеу идеясы да айтылды. Енді ол тек сот шешімімен тағайындалуы мүмкін.
Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс, яғни есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істегені үшін – 80 АЕҚ-ға дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, яғни 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 20 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.
Жаңалықтар
- Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша сот үкімі шықты: Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді
- Телефоны мен Telegram-ды тексерген: Әнші Нұрбек Айқынбаев Алматы полицейлеріне шағымданды
- Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова туралы даулы пікір айтқан Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты
- ІІМ қазақстандықтардың жеке деректері сатылды деген ақпаратқа өз жауабын берді
- Қазақстан президенті АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады
- Бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашып күйдіріп, қашып кеткен адам ұсталды
- Қазақстанда Telegram неге істемей қалды? Цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» түсіндірді
- Күннің толық тұтылуы: Астрономиялық құбылысты бірнеше ел тамашалады
- Науқас отадан кейін ішінде қалған дәкемен екі ай қиналып жүрген
- Жалған қажылық ұйымдастырып, жұрттан 60 млн теңге жинап алғандар сотталды
- Қайсар Қамза ісінің жай-жапсары: ҚМА тағы төрт күдіктінің аты-жөнін атады
- Алматыда қойма өртеніп жатыр: Өртті сөндіруге 63 маман тартылды
- Ресейлік стример Fasoollka арандату сөздерін айтқаны үшін елден шығарылды
- Туған нәрестесін 800 мыңға саудалап, 100 мың теңгеге сатпақ болған әйел сотталды
- Балаларды зорламақшы болған АИТВ жұқтырған адам 20 жылға сотталды
- Су күніне екі сағат қана беріледі: Ақши тұрғындары 10 жылдан бері мәселенің шешілуін күтіп жүр
- Министрлік eGov бұзылып, 15 млн адамның дерегі тарап кетті деген ақпаратқа түсініктеме берді
- Түркістан облысында тұрғын үйдегі шаруашылық құрылысы өртенді
- Өскелең ұрпаққа өнеге: Тоқаев бір топ қоғам қайраткеріне мемлекеттік награда тапсырды
- Елімізде өзге этнос өкілдері балаларын қазақ сыныптарына жиі бере бастады