Геннадий Головкин Джеки Чанға қазақтың шапанын сыйлады
Головкиннің Instagram парақшасы
Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада-2026 ойындары аясында екі аңыз тұлға бокстан экс-әлем чемпионы Геннадий Головкин мен әлемге танымал актер Джеки Чан жүздесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің төрағасы және World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин Instagram парақшасында әлемдік кино жұлдызымен түскен суретін жариялады. Фотода Джеки Чан қазақтың ұлттық шапаны мен тақиясын киіп түскен.
«Біздің буынның аңыз адамы – Джеки Чанмен кездесу» деп жазды Головкин.
Геннадий Головкин әлемге танымал актерге қазақтың шапанын жауып, тақиясын кигізді.
Бұған дейін Олимпиада–2026 барысында көрсетілім бағдарламасынан кейін Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты қолына ойыншық пандалар ұстаған Джеки Чан қарсы алған болатын. Гала-концерттің құрметті қонағы қазақстандық спортшының өнеріне жоғары баға берді.
Оқи отырыңыз:
- Олимпиада- 2026: Михаил Шайдоров «Кунг-фу панда» образында, Джеки Чан арнайы келді
- Олимпиада–2026: Соңғы жарыс күні, жабылу салтанаты
Жаңалықтар
- Министрлік көлік жүргізушілерге үндеу жасады
- «Аз жалақыға ауыр жұмыс істейді»: Коммуналдық қызметкерлерді сынап басы дауға қалды
- Леңгірде бетперде киген адамдар үйге кіріп, әйелді бірнеше сағат бойы ұстаған
- Павлодар облысында трактор екі баланы қағып кетті
- Жаңа оқу жылы: Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
- Әуежайда бет-жүзбен 15 секундта тексеру: Қазақстанда жолаушылар үшін не өзгереді?
- Президент дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік жеңісімен құттықтады
- ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады: Бес партия мандат алады
- Маңғыстауда 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасаған соңғы күдікті ұсталды
- Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
- Қазақстандықтардың шетелден Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды
- Энергетикалық ресурс: Иранда жаңа газ қоры табылды
- «Қара түтінге тұншықтық»: Алматыдағы тұрғын үй кешенінен өрт шықты
- Exit poll нәтижесі жарияланды: Құрылтайға қанша партия өтті?
- ҚР ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға жол берілген жоқ
- Бостандық ауданында сайлау учаскесіне ЕҚЫҰ бақылаушылары келді
- Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу белсенділігі түстен кейін арта түсті
- Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай сайлауы туралы не айтты?
- Тоқаев: Вице-президент баршаңыз жақсы білетін танымал адам болады
- Президент: Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады