Future Games-2026: Павел Дуров Астанада өткен ЖИ олимпиадасы жеңімпаздарына 100 мың доллардан астам сыйақы береді
Telegram негізін қалаушы кәсіпкер Павел Дуров Астанада өткен жасанды интеллект бойынша үшінші халықаралық олимпиада (IOAI 2026) жеңімпаздарына 100 мың доллардан астам қаражат бөлетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирін өзі ашып, сөз сөйледі.
Астанада өткен халықаралық «Болашақ ойындары — 2026» (Future Games) кеше өз мәресіне жетті. Аталған турнирде қазақстандық Team KZ командасы жеңіске жетті. Phygital Shooter финалында олар ресейлік LIGA PRO TEAM құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді. Алтын жүлденің тағдыры Counter-Strike 2 ойыны бойынша өткен шешуші матчта анықталды.
«Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада кеше Астанада аяқталды. Командалық есепте Ресей құрамасы бірінші орын алды, ал менің туған қаламның өкілі Артём Горохов жеке есепте жеңіске жетті. Сондай-ақ қабылдаушы ел – Қазақстан үшін қуаныштымын, оның өкілі Дәужан Бекетов жеке есепте екінші орын алды. Біз ұйымдастырушылармен байланыстамыз, келесі аптада жеңімпаздарға Telegram арқылы сыйақыларды береміз, ол жалпы 106 500 доллардан асады. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!» деп жазды Дуров өзінің Telegram-арнасында.
Жеке тур қорытындысы бойынша жүлдегерлер:
- Бірінші орын – Артём Горохов (Ресей);
- Екінші орын – Дәужан Бекетов (Қазақстан);
- Үшінші орын – Шао Цзыси (Қытай).
Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада 2–8 тамыз аралығында Астанада өтті. Мұндай деңгейдегі жарыс Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылды.
Олимпиадаға 106 елден шамамен 500 оқушы, тәлімгер және қазылар алқасының мүшелері қатысты. Бір апта бойы қатысушылар машиналық оқыту, компьютерлік көру, табиғи тілдерді өңдеу және жасанды интеллекттің басқа бағыттары бойынша практикалық тапсырмалар орындады.
Командалық жарыс қорытындысы бойынша арнайы марапаттар келесідей:
- Роботтар сайысындағы үздік өнер көрсеткені үшін Best Demonstration Award – Жаңа Зеландия құрамасына;
- Роботтың ең креативті дизайны үшін Creative Robot Design Award – Гонконг құрамасына;
- Робототехникада AI-native тәсілдерін үздік қолданғаны үшін AI-Native Robotics Award – Бразилия құрамасына берілді.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
Жаңалықтар
- Қазақстан мен Грекия КҚК қауіпсіздігі мен Еуропаға мұнай жеткізу мәселесін талқылады
- Future Games-2026: Павел Дуров Астанада өткен ЖИ олимпиадасы жеңімпаздарына 100 мың доллардан астам сыйақы береді
- Иран Ормуз бұғазын ашу үшін АҚШ-қа қатаң шарт қойды
- Маңғыстаудағы Құлжан мұнай кен орнында өрт шықты
- «Болашақ ойындары — 2026»: Қазақстан командасы Phygital Shooter бойынша чемпион атанды
- Министрлік түсіндірді: Неге кейде 120 балл жетпей, ал 100 баллмен тегін оқуға түсуге болады?
- Футболдағы әлемдік жанжал өрши түсті: ФИФА Инфантиноның беделіне нұқсан келіп жатқанын мәлімдеді
- Тергеу басталды: Маңғыстау облысында дәрігерлер соқырішек диагнозын қоя алмай, жасөспірімді өлтіріп алды
- Қазақстан Өзбекстан малын бордақылау алаңына айнала ма?
- Елімізде Абай күніне орай 350-ден астам шара өтеді
- Жатақханадан орын бұйырмаған Алматы студенттері қайда барады?
- Лудомания көбейеді: Талғарда салынады деген казино жергілікті тұрғындардың ұйқысын қашырды
- Нұрай Серікбайға аяусыз сілтенген пышақ: Сот-медициналық сарапшы кәсіби баға берді
- Украина Каспий құбырына соққы жасамауға уәде берді — БАҚ
- Қосымша қолдау жүйесі бар: Грантқа ілінбегендер не істейді?
- Қазақстан ғалымдарының ғылыми атақтарын ЕАЭО елдерінде растаудың енді қажеті жоқ
- Астана – Арқалық бағытында Starlink спутниктік интернеті бар жаңа пойыз қатынайды
- Қайрат Сатыбалдының жыр болған «Байсат» базары ақыры сатылды
- Атырауда су құбырын жөндеуден 6 млрд теңгеден асатын қаржы ұрлағандарға үкім шықты
- «Астана» баскетбол клубы қаржыландырылмай, ойыншылар Тоқаевқа үндеу жасады