Франция соты Павел Дуровтың елден шығу туралы өтінішін қанағаттандырмады
Фото: Павел Дуровтың телеграм парақшасынан алынды
Франция соты Telegram негізін қалаған Павел Дуровтың Норвегияға шығу туралы өтінішін қанағаттандырмады. Бұл туралы Human Rights Foundation (HRF) ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Павел Дуров Норвегияда өтетін Oslo Freedom Forum 2025 форумында сөз сөйлеуі тиіс болатын. Ол сөз бостандығы, бақылау және цифрлық құқықтар тақырыптары бойынша әлемнің түкпір-түкпірінен келген құқық қорғаушылармен ой бөлісу үшін арнайы шақырылған.
HRF мәліметінше, жеке қатысуға тыйым салынғанына қарамастан, Дуров форумға онлайн форматта қатысады.
Human Rights Foundation (HRF) – 2005 жылы құрылған үкіметтік емес ұйым. Ол бүкіл әлемде, әсіресе авторитарлық режим орнаған елдерде, адам құқықтарын қорғаумен және демократиялық құндылықтарды ілгерілетумен айналысады.
Айта кетейік, жуырда Telegram негізін қалаушы Павел Дуров сүйіктісі Юлия Вавиловамен алғаш рет жұрт алдына шыққан болатын.
Telegram негізін қалаған Павел Дуров 2024 жылғы тамызда Францияда ұсталған. Оған ресми сұраныстар бойынша деректер беруден бас тарту секілді алты айып тағылғаннан кейін кепілмен босатылған. 2025 жылғы көктемде соттың рұқсатымен Франциядан шығып, Біріккен Араб Әмірліктеріне оралған.
Еске салсақ, 2024 жылы тамыз айында Telegram желісі негізін қалаушы және ВКонтакте әлеуметтік желісін құрған Павел Дуров Париж Ле Бурже әуежайында ұсталған болатын.
Дегенмен 2025 жылғы наурызда соттың рұқсатымен Павел Дуров Франциядан Дубайға кетіп қалды.
Ол 2024 жылғы наурыз айында ресми түрде Нобель сыйлығына ұсынылды.
2024 жылғы маусымда Цифрлық даму министрлігінің басшысы Жасұлан Мәдиевтің шақыртуымен ол Қазақстанға келіп, Astana Hub-ты қарап шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық