Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
Фото: Ашық дереккөзден
Халықаралық Forbes басылымы 2026 жылға арналған әлемдік миллиардерлердің жыл сайынғы рейтингін жариялады. Жаңартылған тізімге алғаш рет Қазақстаннан екі кәсіпкер — Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев енді, деп хабарлайды Orda.kz.
Басылымның бағалауынша, Нұрлан Смағұловтың байлығы 1,3 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл көрсеткіш оған әлемдік рейтингте 2858-орынды иеленуге мүмкіндік берді. Бұған дейін Forbes Kazakhstan жасаған 2025 жылғы Қазақстандағы ең бай 75 кәсіпкердің ұлттық тізімінде ол 990 млн доллар байлықпен 8-орында тұрған болатын.
Айдын Рахымбаевтың байлығын Forbes 1,1 млрд АҚШ доллары деп бағалайды. Әлемдік миллиардерлер рейтингінде ол 3185-орынға жайғасқан. Ал Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша 2025 жылғы Қазақстанның ең бай 75 кәсіпкері рейтингінде ол 967 млн доллар капиталымен 10-орында болған.
Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай миллиардерлер рейтингін екінші жыл қатарынан Илон Маск бастап тұр. Tesla және SpaceX иесінің байлығы 839 млрд доллар деп бағаланған.
Екінші және үшінші орындарға Ларри Пейдж пен Сергей Брин ие болды.
Оқи отырыңыз:
- Маск тарихтағы 700 миллиард доллар байлығы бар алғашқы адам
- Қазақстанның ең бай мұнайшылары: Олар кімдер және несімен белгілі?
- «Отбасы банк» өзі бағынатын «Бәйтерекке» 2024 жылға 100 миллиард теңге дивиденд төледі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық