Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына қанша қаржы құйды
Еуразиялық даму банкі 2022–2026 жылдары Қазақстан экономикасына 5,2 млрд доллар инвестиция салды. Бұл туралы ұйым басшысы Николай Подгузов президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
2022–2026 жылдар арралығында ЕАДБ кезекті бесжылдық стратегиясын жүзеге асырып жатыр. Осы кезеңде жалпы инвестиция көлемі 9,2 млрд доллар болса, оның 56,5 пайызы Қазақстанға тиесілі. Подгузовтың айтуынша, республикаға салынған бұл қаржы банк қызмет еткен алдыңғы 15 жылдағы жалпы инвестициялармен шамалас. Биыл банк өзінің 20 жылдығын атап өтуде.
Жалпы 2,1 млрд доллар өнеркәсіпті дамытуға, 1 млрд доллар энергетикаға, 1,1 млрд доллар қаржы секторына бағытталыпты. Сонымен қатар, ЕАДБ цифрландыруды қолдауға және жасанды интеллектті енгізуге ерекше назар аударып отыр.
Подгузов сондай-ақ ЕАДБ-ның Қазақстан экономикасының дамуына қатысты болжамын ұсынды. Онда 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі 2025 жылғы 6,5 пайыздан кейін кемінде 5,5 пайыз болады деп күтіледі. Мұндай нәтижеге үздіксіз инвестициялық белсенділік, ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламалар, тұрақты ішкі сұраныс және берік әлеуметтік көрсеткіштер арқылы қол жеткізу жоспарланған.
ЕАДБ-ның 2022–2026 жылдарға арналған Қазақстан бойынша стратегиясында 3,8 млрд доллар көлемінде түрлі жобаларды қаржыландыру көзделген. Басқа қатысушылардың инвестицияларын қоса есептегенде, жалпы қаражат 10 млрд доллардан асады. Сонымен қатар, ұйым сайтында көрсетілгендей, барлық елдердегі жүзеге асырылған жобаларды ескере отырып, инвестициялық портфель көлемі 2024 жылдың соңында 15,4 млрд доллар болған.
ЕАДБ Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға маманданған. Банктің жарғылық капиталындағы Қазақстанның үлесі 37,29 пайыз және бұл көрсеткіш бойынша республика Ресейден кейін (44,79 пайыз) екінші орында. Беларусьтің үлесі 5,21 пайыз, Тәжікстан – 4,26 пайыз, ал Қырғызстан мен Армения – 4,23 пайыз.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
- Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық