Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
Фото: olympic.kz мұрағатынан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын Улан-Баторда өткен Азия чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент еліміздің спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті.
Құттықтауда жалпы жеңіске ерекше үлес қосқан Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова есімдері аталып, олардың құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілгені айтылды.
Мемлекет басшысы қазақстандық боксшыларға алдағы уақытта да әлемдік ірі жарыстарда қазақ елінің туын абыроймен асқақтата берулеріне тілектестік білдірді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы құрметті атағын алуымен құттықтады. Құттықтауда спортшылардың жоғары шеберлік деңгейін, жеңіске деген ерік-жігер мен патриотизмді көрсеткені атап өтілген. Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелестегі Олимпиадада жеңіс тіледі.
Еске салсаақ, бұған дейін мемлекет басшысы Құрылтай сайлауы биыл тамыз айында өтетінін мәлімдеген болатын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойылады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық