Ереванда шерушілер мен полиция арасында жаппай қақтығыс болды

cover

Ереванның орталығындағы Армения үкіметі ғимараты маңында наразылық білдірушілер мен тәртіп сақшылары арасындағы қақтығыс басталды.

Қақтығыстар бір топ шерушілер тәртіп сақшылары мен үкімет ғимаратына тас, бөтелке және жұмыртқа лақтыра бастағаннан кейін басталды. Жарақат алған адамдар бар. Шерушілер Армения премьер-министрі Никола Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп, «Никола - сатқын» деп айғайлады. Полиция ең белсенді демонстранттарды іріктеп қамауға алуда.

Бұған дейін оппозиция жетекшілерінің бірі Андраник Теванян оппозиция митингісінде сөйлеген сөзін аяқтаған соң жиналғандарды тарауға және 21 қыркүйекте өтетін митингке қатысуға шақырғанымен, бір топ белсенділер алаңда қалып, радикалды шара қолдануды, Пашинянның отставкасын талап етті.

Ереванда Таулы Қарабақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шерулер екінші күн жалғасуда. Соғысушы тараптардың Қарабақтағы атысты тоқтатуға келіскені белгілі болған соң, Армениядағы парламенттік оппозиция Пашинянға импичмент жариялау бастамасын көтеретінін мәлімдеді.

19 қыркүйекте Әзірбайжан лаңкестікке қарсы операция жариялағаннан кейін Таулы Қарабақта қақтығыс жаңадан өрши бастады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар