«Ердоған қайтыс болды» деп материал жариялағаны түрік журналистері ұсталды

cover Фото: Әлеуметтік желіден

Түркияда ел президентінің аты-жөнімен аттас азаматтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты «Ердоған қайтыс болды» деген тақырыппен жариялаған журналистер ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.       

OdaTV мәліметінше, Түркияда газетте «Ердоған қайтыс болды» деген тақырыппен материал жариялаған үш журналист қамауға алынған.

Басылымның хабарлауынша,  Aydin Denge газеті Facebook желісіндегі парақшасында «Ердоған қайтыс болды» деген жазуы бар сурет жариялаған.

Алайда жазбада берілген жаңалыққа сілтеме арқылы өткенде, әңгіме Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған туралы емес, Гүлшен Ердоған есімді азаматшаның қайтыс болғаны туралы екені анықталған.

Осы жағдайдан кейін Айдын қаласының прокуратурасы халық арасында адастыратын ақпаратты көпшілікке тарату дерегі бойынша тергеу бастаған. Бұл қылмыстық іс бойынша 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Тергеу барысында бұны істеген газет өкілі Эмин Айдын, бас редакторы Ешим Үлкен, ал тілшісі Ислам Келеш екені анықталды. Журналистердің ұсталғаны расталды» деп жазылған хабарламада. 

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар