Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды
Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Ербол Қарашөкеев облыс әкімі болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды» деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Тоқаев жарлығымен Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылған болатын. Ол 2021 жылдың күзінде ауыл шаруашылығы министрлігін басқарды. 2023 жылдың сәуірінде ол осы лауазымға қайта тағайындалды.
Бүгін, 5 қыркүйекте премьер-министр Әлихан Смайылов Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихаты депутаттары отырысына қатысу үшін Тараз қаласына келді.
«Әлихан Смайылов депутаттарға Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына екі кандидатты – Нұрбол Жүнісбеков пен Ербол Қарашөкеевті қарауға ұсыну туралы хатын оқып берді» деп атап өтті үкіметтің баспасөз қызметі.
Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Жүнісбековтің кандидатурасын 47 депутат қолдаса, Қарашөкеевті қолдап 142 депутат дауыс берді. Дауыс беруге 189 депутат қатысты.
Айта кету керек, Ербол Қарашөкеев осы жылдар ішінде «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерде болған.
Еске салайық, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Нұржан Нұржігітов 2023 жылдың 4 қыркүйегінде су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалған болатын.
Жаңалықтар
- Еліміз балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізеді
- 200 тоннадан астам зақымданған астық елге кіргізілмей, экспорттаушы елге қайтарылды
- Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
- Bloomberg — Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшысы
- Жаңа Конституцияның қабылдануына орай кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін?
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
- Жалған жұмыс арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды
- АҚШ Эбола вирусын жұқтырған науқастарын Африкаға орналастырмақшы, Кения соты қарсы шықты
- Қарағанды облысында өртенген үй мен шаруашылық құрылысынан 8 газ баллоны шығарылды
- Тоқаев: Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналуы керек
- Жангелдиндегі отбасы өлімі: Туыстары бірнеше ай бойы марқұмдармен хат жазысқан
- «Есімімді кірлетуге жол бермеймін»: Михаил Шайдоров жалақы дауына қатысты мәлімдеме жасады
- Қазақстан халықаралық деңгейде «+7» телефон коды бойынша тең құқықты мәртебесін бекітті
- Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Қазақстан Ресейдің қазақтар көп тұратын өңірлеріне мектеп салады
- Тағы бір «Палау орталығы» өртенді, бұл жолғысы Астанада
- Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандыққа қатысты тың дерек шықты
- Сот процесінде Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасының сөзі тыңдалды
- Қай маман иелерінің жалақысы 2,5 есеге дейін өсіп, үкіметтен қолдау көреді?
- Атырауда жасөспірім қатысқан оқиға бойынша төрт адам жауапқа тартылды