Ералы Тоғжанов отставкаға жіберілді

cover фото: Sputnik / Владислав Воднев

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды» делінген хабарламада.

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен кетуі мүмкін деген хабарлама бүгін таңертең облыс мәслихатының сайтында пайда болды.

Еске салайық, Ақтөбе облысының басшысы Ералы Тоғжанов 2022 жылдың тамызынан бері әкім болып жұмыс істеп келеді.

Айта кету керек, 60 жастағы Тоғжанов әр жылдары түрлі мемлекеттік қызметтер атқарған. 2000 жылдардың басында Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды. Одан кейін Әділет министрлігі Дін істері комитетінің басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметтерін де атқарған.

2017-2019 жылдар аралығында Маңғыстау облысының әкімі. 2020 жылдың ақпанында ол Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды. 2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Жарлығымен ол қайтадан Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар