Астанада жаңа AI Research University ашылады: Болашақта ЖИ үлесі арта түседі
Фото: Ақорда
Президенттің тапсырмасымен елімізде жасанды интеллект университеті құрылатын болды. Ол Астанадағы EXPO аумағында орналасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Астанадағы EXPO аумағында ашылатын жаңа жасанды интеллект университетінде оқу 2026 жылдың қыркүйегінде басталады.
Дәрежесі бойынша бакалавриат пен магистратура бағдарламаларын оқытады. Оқыту жүйесі AI+X қағидаты бойынша, яғни жасанды интеллектіні медицина, қаржы және энергетикаға енгізу.
Жобаның негізгі мақсаты — білім мен өндірісті біріктіріп, технология саласына жаңа мамандар дайындау. Мұндай орталықтың ашылуы AI-ды шетелге бармай-ақ, өз елімізде терең меңгеруге мүмкіндік береді.
Шетелде де, Қазақстанда да жасанды интеллектті (ЖИ/AI) жұмыс процестеріне белсенді енгізу үрдісі қарқынды жүріп жатыр. AI күнделікті машақатты істерді автоматтандырып, өнімділікті арттыру құралына айналып бара жатыр.
Атап айтсақ, бір аптада үш алып компаниядан мыңдаған жұмыс орыны босады. 23 сәуірде Meta штатының 10%-ын 8000 адамды қысқартты. Snap 1000 қызметкерін, бұл олардың 16%-ы. Ал Microsoft та 7%-ына шамамен 8750 адамға өз еркімен жұмыстан кету ұсынылды.
Үшеуінің де ресми себебі осы жасанды интеллектке деген тәуелділік. Жасанды интеллект қайталанатын жұмысты азайтады. Meta-ның өзі биыл жасанды интеллектке құйған инвестицияларының орнын толтыруға жанталасып жатыр.
Нарық бұл өзгерісті қағып алып, әлемнің көптеген елдері, әсіресе қытай мен жапондар жанталас өндіріске енгізіп жатыр, оның салдары түбінде бәрімізге де қатысты болады.
Мәселен, бұрын бәрі ұзын промпт жазуға үйрететін: рөл бер, контекст қос, қадам көрсет, мысал келтір, шектеу қой. Неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым жақсы нәтиже шығады деген түсінік болды.
Ал OpenAI GPT-5.5 туралы жаңа нұсқаулықта бәрі керісінше: қысқа, нақты, нәтижеге бағытталған промпттар көбіне жақсырақ жұмыс істейді. Тіпті олар бұрынғы промпттағы барлық нұсқауды көшіре бермеңіз дейді. Себебі ескі тәсіл жаңа модельге артық шу қосып, жауапты механикалық қылып жіберуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, алдағы 5 жылда жасанды интеллект еңбек нарығын түбегейлі өзгертеді. Технологияны меңгерген мамандар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болады. Қазақстан да бұл үрдістен тыс қалмай, шетелдік IT мамандарын Astana hub порталы арқылы тартуға белсенді жұмыс істеп жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Еліміздің тергеушілері қылмысты жасанды интеллект көмегімен ашады
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Қазақстан цифрлық әлеуетін күшейтіп, әлемдік рейтингте көтерілуде
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық