Microsoft, Apple және Tesla: Иран АҚШ-пен байланысы бар алпауыт компаниялардың күлін көкке ұшырмақ
Фото: Tahreer Photography
Ислам революциясы сақшылар корпусы Иранға жасалған шабуылдарға жауап ретінде АҚШ-пен байланысты компанияларға соққы беруге уәде етті, деп хабарлайды Orda.kz РБК-ға сілтеме жасап.
Иран бірқатар америкалық және АҚШ-пен байланысты компанияларға шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті. Тіпті оларды Иранға қарсы «террористік операцияларға» қатысы бар деп айыптады.
Иран ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы америкалық компаниялар Иранға қарсы соққыларды жоспарлау мен бағыттауға көмектесті деп есептейді.
Тізімге ірі технологиялық корпорациялар мен электроника және чип өндірушілер (Cisco, HP, Intel, Oracle, Microsoft, Apple, Google, Meta, IBM, Dell, Nvidia) мен өнеркәсіптік және аэроғарыш компаниялары (GE және Boeing) енгізілген. Сонымен қатар тізімде Tesla және БАӘ-нің G42 жасанды интеллект тобы да аталған.
Ислам революциясы сақшылар корпусы мұндай операцияларға қатысы бар ұйымдарды «заңды нысана» деп жариялады. Сондай-ақ тізімдегі компаниялардың қызметкерлерін жұмыс орындарын тастап кетуге шақырды. Ал жақын маңда орналасқан тұрғындарды кемінде 1 шақырым қашықтыққа алыстауға шақырды. Мәлімдемеде Иран алғашқы соққыларды 1 сәуір күні Тегеран уақытымен сағат 20:00-де бастайтыны айтылған.
Оқи отырыңыз:
- Иран соғысты тоқтатудың 5 шартын атады
- Иран АҚШ шарттарын қабылдамаса Трамп елді «тозаққа айналдырмақшы»
- Ирандық спорт командаларына «дұшпан» елдерге баруға тыйым салынды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық