Енді ХҚКО-дан құжаттарды постамат арқылы кез келген уақытта алуға болады
Фото: gov.kz
Қазақстанда дайын құжаттарды кешкі уақытта, демалыс және мереке күндері алуға мүмкіндік туды, деп хабарлайды Orda.kz.
Постамат халыққа дайын құжатты жеке ұяшық арқылы өз бетінше алуға мүмкіндік береді. Қызмет дайын болғаннан кейін азаматқа жеке код көрсетілген SMS келеді. Сол код арқылы ұяшық ашылады. Қосымша биометриялық сәйкестендіруден өту қажет.
Қазір постаматтар Қазақстанның 10 өңірінде жұмыс істейді. Олар арқылы мемлекеттік қызметтің 19 түрі бойынша құжат беріледі. Оның ішінде қайта жасалған куәліктер, мұрағат анықтамалары, аттестат пен дипломдардың дубликаттары бар. Хабарлама келгеннен кейін құжатты үш күн ішінде алу керек. Мерзімі өтіп кетсе, құжат стандартты тәртіппен маман арқылы беріледі. Ал қызмет құны – 518 теңге.
2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл сервисті ең көп пайдаланғандар – Семей, Тараз және Түркістан тұрғындары.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық