Екі аптада 33 мың жедел жәрдем: Алматылықтар аптап ыстықпен қалай күреседі?
Фото: hi-news.ru
Алматыда шілденің алғашқы екі аптасында тұрғындар жедел жәрдемді 33 мыңнан астам рет шақырған. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, биылғы шыжғырған ыстыққа байланысты қала тұрғындары шұғыл медициналық көмекке жиі жүгінетін болған. Дәрігерлердің айтуынша, жоғары температура әсіресе қарт адамдар, балалар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар азаматтар үшін қауіпті.
Шілденің алғашқы екі аптасында жедел жәрдем шамамен 33,6 мың шақырту қабылдаған. Оның ішінде:
- шамамен 1,5 мың шақырту қан қысымының жоғарылауына байланысты;
- 300-ден астам жүгіну жүрек-қантамыр ауруларына, соның ішінде жүректің ишемиялық ауруы мен жедел миокард инфарктіне қатысты;
- шамамен 50 науқас ми қан айналымының жедел бұзылуымен қалалық стационарларға жеткізілген.
Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, тұрғындар жылу соққысына байланысты жедел жәрдемді екі есе жиі шақыра бастаған.
Дәрігерлер сондай-ақ ыстық ауа райы сусыздану, тағамнан улану, ішек инфекциялары қаупін арттырып, маусымдық аллергия белгілерін күшейтетінін ескертеді.
Дәрігерлер тұрғындарға сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін тікелей күн сәулесі астында болмау, табиғи матадан тігілген жеңіл киім, бас киім және күннен қорғайтын көзілдірік кию, су ішу режимін сақтау, медициналық қарсы көрсетілімдер болмаса, тәулігіне кемінде екі литр су ішу, алкоголь, тәтті газдалған сусындар мен кофені көп мөлшерде тұтынуды шектеу, созылмалы аурулары бар адамдар дәрігер нұсқауын қатаң сақтап, дәрілерін уақытында қабылдап, қан қысымы мен қандағы қант деңгейін бақылап, қызып кетуден сақтанып, жоспарлы тексерулерді өткізіп алмау,
қатты бас ауруы, бас айналу, әлсіздік, жүрек айну, есінің шатасуы, дене қызуының көтерілуі немесе есінен тану байқалған жағдайда адамды дереу салқын жерге апарып, денесін салқындатып, суды аз-аздан ішкізіп, жедел жәрдем шақыру сияқты кеңес беріп отыр.
Емханалар созылмалы аурулары бар науқастарды бақылауды жалғастырып, оларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, денсаулық жағдайын тұрақты қадағалап отыр. Дәрігерлер жағдайы нашарлаған кезде асқынуды күтпей, уақытылы учаскелік дәрігерге қаралуға кеңес береді.
Синоптиктердің болжамынша, биыл Алматыда шілде айы әдеттегіден ыстық болады, ауа температурасы +44 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Аптап ыстық тек Қазақстанды ғана емес, әлемнің басқа өңірлерін де қамтыды. Еуропада жоғары температура салдарынан 10 мыңнан астам адам қайтыс болған.
Бұған дейін синоптиктердің алдағы күндері Қазақстанның кей өңірлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілетінін ескерткен болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық