Еліміздегі жаңа Салық кодексіне петиция жарияланды
Өтiнiш берушiлер петицияда жаңа Салық кодексінің келеңсiз салдарларға әкелетiнiн атап көрсетті. Олар өнім берушiлер шеңберiнiң жасанды тарылуы тауарлар мен қызмет құнының өсуiне әкеледі деп болжайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Авторлардың айтуынша, компаниялар жеңілдетілген ШОБ-пен жұмыс істеуден бас тартуға себеп болады, өйткені шағын кәсіпорындар клиенттерін жоғалтады, көлеңкеге кетуге мәжбүр болады немесе қызметін тоқтатады.
«Біз, бизнес пен азаматтық қоғам өкілдері, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 286-бабы 16-тармағына қатысты елеулі алаңдаушылық білдіреміз, онда «салық төлеушінің осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алу күніне оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша шығыстары» белгіленген. Көрсетілген норма оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимінде жұмыс істейтін субъектілермен мәмілелер бойынша шығыстарды тану мүмкіндігін іс жүзінде жоққа шығарады. Біз Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Парламентін Салық кодексінің 286-бабының 16-тармағын алып тастауға немесе қайта қарауға, мемлекет пен бизнес мүдделерінің теңгерімін сақтауға, кәсіпкерлік қоғамдастықтың салық реформасына деген сенімін нығайтуға шақырамыз» деп жазылған ePetition мемлекеттік сайтында жарияланған петицияда.
Петиция авторлары салық төлеушілердің шығыстарды тану құқығын шектейтін салық кодексінің 286-бабының 16-тармағын алып тастауды сұрайды. Оған балама ретінде олар мәмілені бастапқы бухгалтерлік құжаттармен (шот-фактуралар, актілер, жүкқұжаттар, төлем құжаттары) растаған жағдайда шығыстарды шегеру құқығын сақтау және бизнестің, сарапшылардың және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңінен талқылауды ұйымдастыруды талап етіп отыр.
Еске салсақ, биылғы шілде айының ортасында Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Алайда президент қол қойған заң жаңа Салық кодексі емес. Экономика министрлігінің мәліметінше, бұл — 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген толықтырулар мен өзгерістер.
Ақорданың мәліметінше, жаңа заң негізінде салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады. Салықтар саны 20 пайызға азаяды, жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады. Сонымен қатар, қосылған құн салығының жаңа базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болады.
Жақында Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексі аясында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арнайы салық режимін (АСР) қолдануға рұқсат берілетін қызмет түрлерінің алдын ала тізімін ұсынды, 2026 жылғы жеңілдетілген салық режимі туралы мына жерден оқи аласыздар.
Қоғамдық талқылау 13 қазанға дейін «Ашық НҚА» порталында өтеді. Талқылау рұқсат етілетін қызметтер және шектеу қойылатын қызметтер болып екі бөлімде жүргізіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық