Құрылтай депутаттары ақырын басып, анық айтатын болды
Фото: Ақорда мұрағатынан
«Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда депутаттық этикаға арнайы тарау арналған. Құжатта депутат мінез-құлқы ресми отырыста ғана емес, жұмыс бабындағы кез келген әрекетте саяси мәдениет пен заң талабына сай болуы керек екені көрсетілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Құрылтай депутаттарына қатысты жаңа этика ережесі олардың дауыс беріп, заң қабылдауына жол ашып қана қоймай, ендігі жерде қалай сөйлеп, қалай пікір таластыратынын да қатаң реттейтін болады.
Жоба бойынша, депутатқа Құрылтайда, комитетте, комиссияда және өзге де жұмыс түрінде жеке мәселесін көтеруге тыйым салынады. Сонымен қатар басқа әріптесінің сөзін бөлуге, орынсыз айып тағуға, дөрекі сөйлеуге, ар-намысқа тиетін сөз қолдануға, балағат пен қорлауға жол берілмейді.
Ең бастысы жалған немесе тексерілмеген ақпаратқа қатысты талап. Депутат өз сөзінде нақты дерек пен дәйекке сүйенуі тиіс.
Дезинформация таратуға, қоғамдық пікірді адастыратын мәлімет айтуға, азаматтың абыройы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін сөз қолдануға тыйым салынады.
Заң жобасында мемлекеттік құпия мен қызметтік ақпарат та бөлек қарастырылған. Депутат өзіне қызмет бабында белгілі болған мәліметті ашық жариялай алмайды. Сондай-ақ депутаттық бланкіні, сұрау салу құқығын, қызметтік артықшылықты жеке мүддесі үшін пайдалануына болмайды.
Депутат ел мүддесін қорғауға, заңды құрметтеуге және өз әрекетімен Құрылтайдың беделіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Жоба авторлары депутаттың сөзі жеке пікір емес, мемлекеттік институттың салмағын арқалайтын саяси жауапкершілік екенін аңғартып отыр.
Этика талабын бұзғандарға ескерту, көпшілік алдында кешірім сұрату, сөзден айыру, отырыс залынан қуып шығу, тіпті үш айға дейін жалақы төлемеу секілді шара қолданылуы мүмкін. Қай шара қолданылатынын Құрылтай төрағасы, Бюро, комитет немесе арнайы этика кеңесі қарайды.
Заң жобасы қабылданса Құрылтайдағы пікірталас бұрынғыдай саяси текетірес алаңы емес, тәртіппен шектелген парламенттік мінберге айналмақ.
Депутат өткір сөйлей алады. Бірақ дәлелсіз айып, балағат, жалған дерек пен айқай саяси ұпай жинаудың құралы болмауы тиіс.
Сонымен қатар Құрылтай депутаттары қалай жазаланатыны айтылды. Құрылтай — Парламенттің орнына келетін жаңа жоғары өкілді орган.
Сонымен Құрылтай депутаттарына келесілерге тыйым салынады:
- өзге ақылы қызметтерді атқаруға (оқытушылық, ғылыми және шығармашылық қызметтен басқа);
- кәсіпкерлікпен айналысуға;
- коммерциялық ұйымдардың басқару органдарына кіруге.
Құрылтай депутаттарына арнайы жаза қарастырылған:
- Себепсіз үш реттен артық отырысқа қатыспаса сол күнгі жалақысынан айырылады;
- Дауыс беру құқығын басқаға бергені үшін бір күндік жалақы төленбейді;
- Ал мұндай әрекет қайталанса бір айлық жалақысынан да қағылады.
Депутаттық әдепті бұзса ескерту жасалып, көпшілік алдында кешірім сұрайды. Одан кейін отырыс залынан шығару және бір күндік жалақысынан айыру сынды шаралар қолданылады. Шешімді Құрылтай төрағасының жанындағы депутаттық әдеп жөніндегі кеңес қабылдайды.
Құрылтай депутатының өкілеттігі:
- заң қабылдайды;
- соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешеді;
- вице-президентті, премьер-министрді, Конституциялық сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауға келісім береді;
- Жоғарғы сот судьяларын сайлап, Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіре алады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық