Елімізде су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі
Фото: Егемен Қазақстан
Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар шара әзірледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство «Табиғи монополиялар туралы» заңға су саласы қызметкерлерінің жалақысын электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы мамандар деңгейіне дейін арттыруды көздейтін түзетулер енгізуді ұсынды.
«Бүгінгі таңда заң жобасы Сенатқа жіберілді. Түзетулерді қабылдау 2025 жылдың екінші жартыжылдығында су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын 50% -ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл кадрлардың тұрақтамауын төмендетуге және су саласына жоғары білікті мамандарды тартуға көмектеседі деп күтілуде», деп хабарлады министрлік
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы кәсіптері жылы шеңберінде Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіби стандарттарды дайындау және мамандардың біліктілігін арттыру сияқты іс-шараларды қамтитын салалық жоспар әзірледі. Мұндай іс-шараларды жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.
Елдегі кадрларды қайта даярлау бойынша Қытай, Франция, Израиль, Нидерланды және АҚШ сияқты елдермен уағдаластықтарға қол жеткізілді. Ондаған мамандар шетелде оқып келді. Бұл ретте барлық шығындарды қабылдаушы тараптар өз мойнына алды.
Сондай-ақ, «Отбасы банкі» АҚ Жұмысшы кәсіптері жылы аясында ипотекалық бағдарламаны іске қосты, ол бойынша су саласының мамандары жеңілдікті шарттар бойынша тұрғын үй сатып ала алады.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына «Инженер-гидротехник», «Су ресурстары және суды пайдалану», «Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау» мамандықтары қосылды. Ауылға қоныс аударған мамандар үшін бюджеттік несие көлемі 7,8 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңға толықтырулар енгізілді. Су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан мамандарға «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы беріледі.
Қазақстанның су саласында 10 мыңға жуық адам еңбек етеді. Біз үшін оларды ең жақсы жұмыс жағдайымен қамтамасыз ету, лайықты еңбекақы төлеу маңызды.
«Суға қатысты мамандарды әлеуметтік қолдау, сондай-ақ оларды қайта даярлау инфрақұрылымды дамыту мен нормативтік құқықтық базаны жетілдіруден кем түспейді. Өткен жылы 7000-нан астам адамның жалақысы орта есеппен 25% -ға өсті. Су шаруашылығы мамандықтарының беделін көтеру үшін министрлік осы бағыттағы жұмысын жалғастырады», - деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Бұның бәрі Орталық Азиядағы су тапшылығы 2050 жылға қарай 37%-ға жетуі мүмкін деген дабылға да қатысты болуы да мүмкін.
Биылғы сәуір айында сенаторлар судың тапшылығына оны тиімсіз пайдалану мен үнемдеу мәдениетінің жоқтығы әсер ететінін айтты. Су мамандарының тапшылығы да негізгі мәселелердің бірі.
2022 жылы шенеуніктер Жаңаөзендегі ауыз су мен маман тапшылығын мойындаған болатын.
Орда 2024 жылы Батыс Қазақстан облысындағы 413 ауылдың 129-ында орталықтандырылған ауыз су жоқ екені туралы жазды.
2024 жылғы 3 қыркүйек күні Ақтау қаласындағы 32 В ауданындағы «Шанырақ» тұрғын үй кешені тұрғындары үйлерінде су жоқ болған соң, наразылығын көрсетіп автомобиль жолын жауып тастады.
Алматы қаласының Медеу ауданы және Талғар қаласымен шекаралас орналасқан Бесағаш ауылының тұрғындары су азабын көріп келеді.
2023 жылы суармалы судың бағасы екі есе қымбаттауы мүмкін деген сөз шыққанда диқандар бұл шаруаны тастап кететіндерін айтты.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді