Талғардың жырға айналған су мәселесі мен заңсыз құрылыс
Алматы қаласының Медеу ауданы және Талғар қаласымен шекаралас орналасқан Бесағаш ауылының тұрғындары су азабын көріп келеді. Себебі бұл аймақ әлі күнге дейін саяжайлық елді мекен мәртебесіне ие, ал бұл жергілікті атқарушы органдарды коммуналдық мәселелерді шешуден босатады. Orda.kz тілшісі тұрғындар уәжін тыңдап қайтты.
Шекара бойынша Талғар ауданы құрамына кіргенімен белгілі бір статустың жоқтығы тұрғындар үшін үлкен қолайсыздық тудырып отыр. Салдарынан тұрғындар коммуналдық қажеттіліктерді, соның ішінде су, жол, газ және жарықты өз беттерінше қамтамасыз етуге мәжбүр.
«Жергілікті билік бізді «дачалық» аймақ ретінде өз-өзімізге қызмет көрсетуіміз керек деп есептейді. Өткен жазда су тапшылығы қатты сезіліп, тұрғындар монополист компанияның жабдықтарын жөндеуге ақша жинауға мәжбүр болды, бірақ бұл да су бағасының көтерілуіне тосқауыл болмады», – дейді Бесағаштың тұрғыны Бауыржан.
Елді мекенді сумен қамтамасыз ететін ұңғыма жеке тұлғаға тиесілі, ол қазір монополист саналады. Мұнда 650 үй бар, олардың шамамен 300-і өткен жылы жазда су болмаған соң, амалсыздан 30 мың теңгеден жабдықтарды жаңартуға жинап берген. Қызығы, сумен қамтамасыз ету қызметін көрсететін жекеменшік иесіне тұрғындар тек су тұтынғаны үшін ғана төлеуі керек еді. Ал оның құбырларының ауысқаны -ауыспағаны жекеменшіктің жеке мәселесі.
Сонымен қатар, тұрғындардың айтуынша, су бағасы тұрғындар үшін әртүрлі есептеледі екен. Кейбіреулер текше метріне 400 теңге төлесе, басқаларға үй көлеміне қарай 5000 теңгеге, ал үйі кіші болса 4000 теңгеге дейінгі тұрақты төлем белгілеп қойған. Бұл мәселе бірнеше рет антимонополиялық ведомствода көтерілген. Бірақ олар сумен қамтамасыз етіп отырған монополист компанияның тіркелмегендігін айтқан.
Дәл осы сұрақты тұрғындар әкімшілік өкілдеріне қойғанда олар тұрғындарға «ұңғыма иесімен жанжалдаспауға» кеңес беріпті.
Сондай-ақ Бесағаш тұрғындары коммуналдық мәселерерден бөлек заңсыз құрылысқа алаңдаулы. Баянауыл көшесінде салынып жатқан бес қабатты 6 үйдің құрылысының заңдылығына қатысты тұрғындардың сұрағы бар.
«Біз осы көшедегі 150-дей үй соңғы 10 жылдан бері су тапшылығын көріп келеміз. Электр желілері ескірген, олар әлі кеңес кезеңінен қалған. Ертең құрылыс біткенде жаңа тұрғындар суды қайдан алады, электр энергиясын қалай қосады, түсінбеймін. Сонымен қатар, бұл құрылыс бізге көптеген қолайсыздықтар тудырып жатыр. Көшеде жүріп-тұруға кедергі, құрылыстың шаң-тозаңы тағы бар», – дейді Баянауыл көшесінің тұрғыны.
Құрылыс нысанында паспорт бар, бірақ мемлекеттік сараптама нөмірі көрсетілмеген. Тұрғындар эвакуация жолдарының қауіпсіздігіне де алаңдаулы. Тар жолдан өрт сөндіру көлігі түгілі жеңіл көлік пен жаяу жүргіншінің де жүруі қиын.
Сонымен қатар, Бесағаш пен Думан арасында жағалай жатқан «Луч», «Восход», «Самал», «Апорт» және «Әсем» қоғамдастықтарында тұратын барлық балалар тас жолдың арғы жағындағы жалғыз мектепке баруға мәжбүр. Балалардың қауіпсіздігі үшін елді мекеннің қауіпсіз бөлігінде жаңа мектеп қажет. Тұрғындар орналасқан саяжайлық қоғамдастықтардың жолдары нашар, көше жарығы жоқ, бұл әсіресе балалардың мектепке барып-қайтуына қосымша кедергі келтіруде. Тұрғындар өздері қаржы жинап жыл сайын көктем мен күзде 2 реттен жол төсеп, жарық үшін трансформатор, тіпті кәріз жүйесін да өздері орнатқанымен мәселе толық шешілмей келеді.
Соңғы 10 жылдан бері жыр болып келе жатқан бұл мәселелер Талғар ауданының әкімдігіне талай рет жеткізілген. Әкімшілік құр уәде берумен ғана шектелуде дейді тұрғындар. Бір қызығы, жұртшылық Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбековтың орынбасары Оразхан Қаспақпаевтың халықпен қарым-қатынасына наразы. Тұрғындардың айтуынша, Қаспақпаевқа ауданның мәселесін айтып, сұрақты төтесінен қойғаннан кейін 75 жастағы қарияны еш себепсіз полиция бөлімшесіне алып кеткен. Ал тағы бірде егде тартқан әйелге Қаспақпаев қол көтерген екен.
Orda.kz тілшісі Талғар ауданы Бесағаш елді мекені тұрғындарымен тілдескен соң, араға 2-3 күн салып, Таңат Айдарбеков халықпен кезекті кездесуін өткізген. Кездесуде негізінен шағымдар мен өтініштер көп болған. Алайда олардың басым бөлігі сумен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты болды. Әкім, Бесағаштағы «Оңтүстік» жобасы аяқталғаннан кейін су мәселесі шешіледі деп кезекті уәдесін беріпті.
Жаңалықтар
- Қашып кетті ме? Бишімбаевтың шын мәнінде қайда?
- Қазақстан құрамасы хоккейден ерлер арасындағы тұңғыш Азия чемпионатында жеңіске жетті
- Тарихта тұңғыш рет қазақ қызы ММА бойынша әлем чемпионы атанды
- Германияда қағаз тапшылығынан сайлау өтпеуі мүмкін
- «Қазақстанда жасалған» атымен жалған өндіріс: Бектенов жосықсыз компанияларды тізімдейді
- АҚШ дауыстарды санап болды: Трамп жеңіп, республикашылдар Конгресті бақылауға алды
- Байден «Американы құтқару» үшін әдейі «алжыды» деген күдікке ұрынды
- Аптаның басты оқиғалары Orda News шолуында
- Биткоин құны рекорд жаңартып, 79 мың доллардан жоғары бағалануда
- Трамптың арқасында Масктың байлығы 300 миллиард доллардан асты
- Тайланд мейрамханасында шатасып үш миллион теңге төлеген адам іздестірілуде
- Қазақ тілін менсінбейтін Черчесов мерзімінен бұрын жұмыстан кетсе - қазақ елі оған 1 миллион еуро төлейді
- Еліміздегі республикалық маңызы бар жолдар жабылды
- Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында Қытайды ойсырата жеңді
- 2025 жылы «7-20-25» ипотекасында қандай өзгерістер болады
- Wildberries иесінің ажырасқан күйеуі Қырғызстан азаматы атанды
- Келесі жылдан бастап сайланған әкімдердің қызметі қатаң бақыланады
- Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысындағы тікұшақтың құлау себебін мәлімдеді
- Астанада самбодан әлем чемпионаты басталды
- Даудан басы арылмаған Павлодар қаласының бұрынғы әкімі енді Көкшетауды басқарады