Елімізде биыл тағы да шегірткемен күрес басталды
Қазақстанда шегірткеге қарсы жоспарланған аумақтың жартысынан астамы өңделді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
«Биыл химиялық өңдеу жұмыстары 2,1 миллион гектар аумақта жүргізіледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда 1,2 миллион гектар жер өңделді. Іс-шараға 443 арнайы бүріккіш техника қатыстырылды» деп жазылған таралған хабарламада.
Министрлік мәліметінше, өңдеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.
«Түркістан облысы қорғаныс шараларын толық аяқтады: 371,79 мың гектар, Ақтөбе облысында – 227,17 мың гектар, Қостанайда – 221,05 мың гектар, Жетісу облысында – 50,57 мың гектар, Жамбылда – 70,92 мың гектар, Батыс Қазақстанда – 118,49 мың гектар, Қызылордада – 46,09 мың гектар жер өңделді. Қалған өңірлерде осындай жұмыстар жалғасуда», деп нақтылады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жақында ауыл шаруашылығы министрлігі журналист, сарапшы, «Қазақша чуваш» Telegram-арнасының авторы Кирилл Павловқа қарсы әкімшілік талап-арыз түсірді. Ол 2024 жылғы шілде айындағы есептері бойынша, шегірткеге қарсы 96 мың гектар жер тазартылғанына күмән келтірді.
Былтыр тіпті шегірткенің қаптауына қарсы күрес жөніндегі орталық жедел штабтың отырысы өтіп, министрлер кабинеті арнайы хабарлама таратты.
2024 жылы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин шегірткені халал жәндік деп айтып, бұл біраз әңгімеге арқау болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық