Елге жүлдемен оралған ағайынды Сабырхандарға көлік пен пәтер сыйға берілді
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Ливерпульде әлем чемпионы атанған ағайынды Сабырхандарға Шымкент әкімдігі көлік пен пәтер сыйлады. Сонымен қатар, олардың әкесіне де көлік сыйға берілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бокс және өзге де спорт түрлерінен Әлем және Азия чемпиондарымен кездесті.
Кездесу барысында әкімдіктегілер мен демеушілер ағайынды Сабырхандарға сый тарту етті. Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырханға көлік пен пәтер кілті табысталды. Олардың әкесі Айдархан Сабырханұлына Toyota Camry 80 көлігі сыйға берілді.
«Өте қуаныштымыз. Үйімізге үш көлікпен қайтып барамыз. Әкемізге де, бізге де үлкен сый жасалды. Пәтер мен көлік сыйлаған демеушілерге, қолдау көрсеткен қала әкімдігіне алғысымыз шексіз», – деді екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан.
Айта кетейік, ағайынды спортшылардың екеуі де Ливерпульдегі додада алтыннан алқа тақты. Махмұд Сабырхан 55 келі салмақта жеңімпаз атанып, өзінің екінші әлемдік титулына қол жеткізді. Ал 19 жастағы інісі Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта финалда жапон боксшысы Севон Окадзаваны ұтып, әлем чемпионы атанды.
Еске салайық, қыркүйек айының басында Абай облысы бокс федерациясының президенті Махат Төреәлі Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыгүл Шойбековаға Астанадан пәтер сыйлаған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық