Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйға берілді
Фото: Instagram/ @qozhaiyn
Абай облысы бокс федерациясының президенті Махат Төреәлі Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыгүл Шойбековаға Астанадан пәтер сыйлады, деп хабарлайды Orda.kz.
Батыр анаға су жаңа пәтердің кілті Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде табысталды. «Белес» компаниясының директоры Махат Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында пәтерді әулеті және компаниясы атынан табыстағанын жазды. Сонымен қатар, ол жерде жазушы Бейбіт Сарыбайдың «Бекзат. Шаршы алаңнан тыс өмір» атты кітабының тұсаукесері өтті.
«Бүгін қазақ боксының тарихында өшпес із қалдырған Бекзат Саттарханов туралы жазылған кітаптың тұсауы салтанатты түрде кесілді. Бұл ерекше сәт елге еңбегі сіңген спортшыға деген зор құрметтің белгісі. Шара барысында Бекзаттың ардақты анасы — Сырлыкүл апамызға жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл — ел ұлына деген мәңгі сағыныштың және ананың еңбегіне деген шынайы алғыстың көрінісі», — деп жазылған спорт кешенінің Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Лилия Рах «Целинный» орталығының ашылуында Дариғa Назарбаеваның киім үлгісіне баға берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық