Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатында қазақ спортшылары жеті алтынды қанжығалады
Фото: ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасы Ұлыбританияда өткен бокстан әлем чемпионатында жалпы есеп бойынша көш бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Елімізге жетінші алтын медальді команда капитаны Айбек Оралбай сыйлап, әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Финалда ол Өзбекстаннан келген Джахонгир Зокировпен кездесті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларды жеңісімен құттықтады.
«Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!», – деді мемлекет басшысы.
Турнир қорытындысы бойынша Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) және Аида Әбікеева (65 келіге дейін) екі дүркін әлем чемпионы атанды. Әбікеева Өзбекстаннан келген қарсыласы Навбахор Хамидовадан алғашқы екі раундта жеңіліп қалды. Бірақ шешуші үш минутта жекпе-жек барысын өзгертіп, Қазақстанға алтын әкелді.
Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) чемпионатта дебют жасады. Ол жапондық қарсыласын ойсырата жеңді.
Тағы бір алтынды Наталья Богданова иемденді. Спортшы Австралиядан келген Лекейша Перголитиді жеңді.
Турнирдің алғашқы екі алтынын Санжар Ташкенбай (50 келіге дейін) және Махмуд Сабырхан (55 келіге дейін) әкелген еді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Ливерпульде он медаль жеңіп алды. Оның жетеуі алтын, екі қола және бір күміс медаль бар.
Айта кетейік, Талғарда 2024 жылы кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың жылдық асы берілді. Болашақта Талғарда Шерзат атымен көше аталуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық