ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
Фото: Әлеуметтік желіден
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңір басшыларына балаларға стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әсіресе мектепке дейінгі жастағы балаларға және ем алуға талон алу кезінде туындайтын кезекті жоюға баса назар аударылмақ.
«Біз үшін бастысы есеп пен қағаздағы көрсеткіштер емес. Әрбір көрсеткіштің артында нақты бала мен нақты отбасы тұр. Егер ата-ана баласына стоматологиялық көмек алу үшін таңғы сағат бесте келіп, кезекте тұруға мәжбүр болса, демек жүйе тиісті деңгейде жұмыс істеп тұрған жоқ. Біз мұны түзетуіміз керек», – деді Ақмарал Әлназарова.
Министрдің айтуынша, бүгінде елімізде балаларға стоматологиялық көмек көрсету үшін қажетті инфрақұрылым қалыптасқан.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында балаларға көрсетілетін стоматологиялық көмек мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Осыған байланысты министр негізгі назарды қолда бар ресурстарды тиімді ұйымдастыру мен үйлестіруге аудару қажет екенін атап өтті.
«Бүгінде балаларға стоматологиялық көмек мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Сондықтан бұл мәселені ата-аналардың мойнына артып қоюға немесе әр жолы қосымша бюджет қаражатын іздеуге болмайды. Ең алдымен, қолда бар ресурстардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру қажет», – деп атап өтті министр.
Ақмарал Әлназарова баланың ата-анасы талон ала алмағаны немесе бірнеше сағат кезекте тұрғаны үшін қажетті медициналық көмексіз қалмауы керектігін айтты.
«Бала ата-анасы талон ала алмағаны немесе бірнеше сағат кезекте тұрғаны үшін көмексіз қалмауы керек. Біздің міндетіміз – қажетті көмектің дер кезінде және отбасы тұратын жерге жақын жерде қолжетімді болуын қамтамасыз ету», – деді министр.
Министр облыс әкімдерінің орынбасарлары мен бейінді басқармаларға денсаулық сақтау және білім беру басқармалары, медициналық ұйымдар және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.
«Ата-аналар әлеуметтік желілерге жүгінуге немесе шағым жазуға мәжбүр болғанша күтпеуіміз керек. Жергілікті жердегі басшылар мұндай мәселелерді азамат медициналық көмек алу кезінде кедергіге тап болғанға дейін анықтап, шешуі тиіс», – деді министр.
Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерге балаларға стоматологиялық көмектің қолжетімділігі мәселесін ерекше бақылауға алу тапсырылды.
Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің барлық өңірінде қалыптасқан жағдайға мониторинг жүргізіп, балаларға көрсетілетін медициналық қызметтердің нақты қолжетімділігін бағалауды жалғастырады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды
- Астанада автобус самокат мінген жасөспірімді қағып кетті
- Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсу жоспарын жариялады