«Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
Фото: Астана әкімдігі
Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында «Қазақстан — ортақ үйіміз» тақырыбында ауқымды музыкалық флешмоб өтті, деп хабарлайды Orda.kz елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараға қала мектептерінен шамамен 2000 оқушы қатысып, белгілі күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйін бір мезетте орындады. Оқушылар домбыра, қобыз, қылқобыз, жетіген, сазсырнай, сондай-ақ флейта мен скрипка сияқты ұлттық және классикалық аспаптарда ойнады.
Музыкалық флешмобқа елорданың өнер және музыка мектептерінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ 10 мен 16 жас аралығындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты — «Қазақстан — ортақ үйіміз» идеясын музыка арқылы жеткізу. Әртүрлі аспаптардың үні бір арнаға тоғысып, көпұлтты елдің бірлігін бейнеледі. Қатысушылардың сөзінше, «Алтын ұя» күйін орындау олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін терең сезінуге мүмкіндік берді.
Айта кетейік, «Алтын ұя» күйі Отанға деген сағыныш пен туған жерге деген махаббатты бейнелейтін шығарма ретінде кеңінен танылған.
Оқи отырыңыз:
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық