Dior компаниясының PR-директоры Матильда Фавье жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
Фото: ru.bezzia.com
Французиялық кинопродюсер Николя Альтмайер мен оның жұбайы, Dior компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Матильда Фавье Францияның батысында болған жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz France 24-ке сілтеме жасап.
Жол апаты дүйсенбі күні болған. Ерлі-зайыптылар отырған көлік басқа бір көлікті басып озу кезінде қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Матильда Фавье 57 жаста, ал Николя Альтмайер 61 жаста еді.
Николя Альтмайер ағасы Эрикпен бірге Mandarin & Compagnie продюсерлік компаниясын басқарған. Ағайындылар «OSS 117», «Brice de Nice» және Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозидің саяси мансабына арналған «Conquest» фильмдерін түсіруге атсалысқан. 2017 жылы олар жылдың үздік француз продюсерлеріне берілетін Даниэль Тоскана дю Плантье сыйлығын иеленген.
Ерлі-зайыптылардың қазасына байланысты кино, сән және саясат әлемінің өкілдері көңіл айтты.
«OSS 117» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Жан Дюжарден болған оқиғаны «орасан зор қайғы әрі есеңгіреткен жағдай» деп атады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық