Алматыда Димаш Құдайберген продюсерлік еткен «Көкжиектен асқан үн» халықаралық жобасының тұсаукесері өтті
Фото: Димаш Құдайберген парақшасынан
Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген продюсерлік еткен «Көкжиектен асқан үн» атты халықаралық телевизиялық жобаның ресми тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ауқымды мәдени шараға мыңдаған көрермен жиналып, жобаның алғашқы бөліміне арналған эксклюзивті бейнематериалдарды тамашалады. Тұсаукесер барысында көрермендер түсірілім жұмыстары жүргізілген Түркістан өңірінің әсем табиғаты мен тарихи орындары көрсетілген кадрларға ерекше қызығушылық танытты.
Жоба ұлттық мәдениет пен заманауи өнерді үйлестіре отырып, Қазақстанның рухани құндылықтарын халықаралық деңгейде насихаттауды мақсат етеді. Шығармашылық бастаманың продюсері Димаш Құдайберген бұл жобаның еліміздің мәдени әлеуетін жаңа қырынан танытатынын атап өтті.
Жаңа жоба жайлы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.
Айта кетейік, «Көкжиектен асқан үн» халықаралық телевизиялық жобасының тұсаукесер бөлімі 14 ақпан күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясы эфирінен көрсетіледі.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
- Димаш Құдайберген елші болып тағайындалды
- Димаш Құдайбергенге арнап Германия әуежайында күй шертілді
- Димаш Құдайберген жанкүйерінің арманын орындады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық