Дикий Арманның соты жабық түрде өтеді

cover

Дикий Арманға қатысты сот жабық есік жағдайында өтеді.

Қыркүйектің 21-і күні судья Асхат Әшірбеков жәбірленушілердің сот барысында жариялылықты шектеу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Еске салайық, 15 қыркүйекте Дикий Арманның ісі бойынша алдын ала тыңдаудың екінші күні сот отырысы басталар алдында 10 жәбірленуші сотты жабық есік жағдайында өткізу туралы өтініш берген болатын.

«Арман Жұмагелдиев қылмыстық ортадан шыққан адам болғандықтан, мен өз өмірім үшін және отбасымның өмірі үшін қорқамын» деп жазады анонимді атпен жәбірленуші Секінбаев.

Қалған өтініштердің мазмұны да осыған ұқсас.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар