Әскери кафедрада оқығандар екі жылдық қызметке шақырыла ма?
Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери кафедра түлектерін екі жылдық қызметке шақыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ведомствоның вице-министрі Асқар Мұстабеков мәлімде жасады.
Оның айтуынша, әскери кафедраны бітіріп, офицерлік шен алған түлектер кадрлық жұмылдыру резервін толықтыру үшін екі жыл мерзімге әскерге шақырылуы мүмкін.
«Кадрлық әскери қызметкерлер жеткілікті. Қазіргі таңда офицерлерді кадрлық мобилизациялық резерв қалыптастыру үшін шақырып жатыр. Олар екі жылға алынады. Бұл қандай да бір геосаяси жағдаймен байланысты емес. Мамандар жеткілікті, бірақ барлық әскери мамандық иелері мобилизациялық қызметтен өтуі қажет», — деді вице-министр.
Сонымен қатар, ол әскери кафедрада оқу тек әскери билет алу үшін емес екенін де атап өтті.
«Адам не үшін әскери кафедраға оқуға түседі? Тек әскери билет алу үшін емес, офицерлік шен алып, Отан қорғау үшін. Бұл — оның конституциялық міндеті. Егер ол офицер атанса, онда армияда қызмет өтіп, теориялық білімін тәжірибемен нығайтуы керек. Осыдан кейін ғана ол мемлекеттің толыққанды мобилизациялық резервіне енеді», — деді Асқар Мұстабеков.
Оның сөзінше, қызметін аяқтағаннан кейін запастағы офицерлер қажетті тәжірибе жинап, елдің мобилизациялық резервінің бір бөлігіне айналады.
Бұған дейін Қазақстан Қарулы күштеріне жаңадан шақырылған сарбаздар үшін психологиялық бейімделудің екі апталық кезеңі енгізілетіні туралы жаздық.
Бұл туралы Сенат дәлізінде Асқар Мұстабеков мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы жауынгерлік дайындықтың жаңа жоспарын әзірлеген. Енді қызметтің алғашқы екі аптасында жас сарбаздарға бірден нақты әскери лауазым тағайындалмайды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық