Батыс Қазақстандағы күре жолда жүріп келе жатқан автобус жанып кетті

cover Бейнеден кадр

8 тамыз кешінде Самара – Шымкент тасжолында жолаушылар автобусы өртенді. Оқиға орнынан түсірілген видео мессенджерлерде тарады. Кадрлардан автобус ашық жалынға оранып, жолаушылар сөмкелерін сүйретіп сыртқа қашып шығып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Orda.kz.       

Олардың арасында балалар да болған.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, автобус Теректі ауданында өртенген. Оқиға кезінде салонда 37 жолаушы болған.

«8 тамыз кешінде жедел кезекшінің пультіне Теректі ауданында, Самара – Шымкент тасжолының Шалқар көліне бұрылыс тұсында автобус өртенгені туралы хабар түсті. Салонда болған 37 жолаушы өз бетінше эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады БҚО ТЖД. 

Өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнында ТЖД-ның сегіз қызметкері мен екі техникасы жұмыс істеді.

Жолаушылар оған дейін автобустан өз беттерінше шығып үлгерген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар